Ұйғыр ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы
Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 03-54 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 09 сәуірде № 3131 болып тіркелді
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 28-бабының 4 және 6- тармақтарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Аудан әкімінің міндетін атқарушы Қ. Бекмуханбетов
Ұйғыр ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 наурыздағы
"Ұйғыр ауданында үгіттік баспа материалдарын
орналастыру үшін орындарды белгілеу және
кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі
үшін үй-жайлар беру туралы" № 03-54 қаулысына 1-қосымша
Ұйғыр ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
1) Шонжы ауылы, А. Арзиев және Назугум көшелерінің қиылысындағы стенд;
2) Шонжы ауылы, А. Арзиев және К. Исламов көшелерінің қиылысындағы стенд;
3) Шонжы ауылы, Құдайбергенов және К. Исламов көшелерінің қиылысындағы стенд;
4) Шонжы ауылы, Қасымбеков көшесі, № 35, "Халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны Алматы облысы бойынша филиалының Ұйғыр аудандық бөлімі ғимаратының жанындағы стенд.
Ұйғыр ауданында сайлаушылармен кездесуі үшін шарт негізінде кандидаттарға берілетін үй-жайлар
1) Шонжы ауылы, Исламов көшесі, № 31, Мәдениет үйінің акті залы;
2) Шонжы ауылы, Искандеров көшесі, № 135, Молотов атындағы орта мектептің акті залы.