Алматы облысының әкімі М.Е. Сұлтанғазиевтің 2026 жылғы 28 тамыздағы Ұйғыр ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында көтерілген проблемалық сұрақтарды шешу жөніндегі ІС-ҚИМЫЛ ЖОСПАРЫ

№ р/с

Өтініш берушінің аты-жөні, елді мекен

Сұрақ

Проблемалық мәселелерді шешу шаралары

Мерзімі

Жауаптылар

1.

Исмаилов Мирзалим

 

Шонжы ауылының тұрғыны

Шонжы ауылындағы 95 пайызға тозған кәріз жүйесін жаңғырту және жаңа кәріз тазарту нысанын салу бойынша мемлекеттік сараптамадан өткен дайын жобаға қаражат қарастыру мәселесі.

Аталған жобаны мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы іске асыру мәселесі қарастырылып, тиісті мәлімет облыс әкімі аппаратына енгізілсін.

30.09.2026 ж.

 

 

 

 

 

 

 

Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы

 

Ұйғыр ауданының

әкімдігі

 

А.Масабаев

(Бақылау)

 

2.

Таиров Армидин

 

Ават ауылының тұрғыны

Ават ауылының ішкі жолдарын жөндеу жұмыстарын қысқы кезеңге дейін аяқтау мәселесі.

Ават ауылының ішкі жолдарын жөндеу бойынша басталған жобаны толық аяқтау үшін қосымша 376 млн. теңге қаражат бөлініп, жұмыстар толық аяқталсын.

 

31.12.2026 ж.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

 

Ұйғыр ауданының

әкімдігі

 

А.Масабаев

(Бақылау)

 

3.

Юлдашев Бахтияр

 

Үлкен Ақсу ауылының тұрғыны

Ақсу ауылындаға өрт сөндіру бекетінің материалдық-техникалық базасын нығайту және арнайы киімдер мен құрал-жабдықтарды жаңарту мәселесі.

 

Тиісті мекеме басшыларына өрт сөндіру бекетінің материалдық-техникалық базасын зерделеп, ескірген экипировкалар мен құрал-жабдықтарды жаңарту бойынша нақты шаралар қабылдансын.

20.10.2026 ж.

Төтенше жағдайлар департаменті

(Келісім бойынша)

 

Ұйғыр ауданының

әкімдігі

 

А.Масабаев

(Бақылау)

 

4.

Қапаров Серік 

 

Шонжы ауылының тұрғыны

Шонжы ауылындағы қолданыстағы қоқыс полигонын жабу мәселесі.

 

Шонжы ауылындағы қолданыстағы қоқыс полигоны жыл соңына дейін жабылып, санитариялық талаптарға сәйкес келетін жаңа қоқыс полигоны пайдалануға берілсін.

31.12.2026 ж.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру басқармасы

 

Ұйғыр ауданының

әкімдігі

 

А.Масабаев

(Бақылау)

5.

Қуаныш

Алмат

Сүмбе ауылының тұрғыны

1. Сүмбе ауылының Жанасай учаскесіне кіреберіс жолындағы Сүмбе өзені арқылы өтетін, құлау қаупі бар көпірді қайта салу жобасын қаржыландыру мәселесі;

 

2. Сүмбе ауылының ішкі жолдарын жөндеу жұмыстарын қысқы кезеңге дейін аяқтау мәселесі;

 

 

 

 

 

 

3.Егістік алқаптарды сумен қамтамасыз ету үшін суару науаларын орнатып беру мәселесі.

1. Көпірдің қазіргі жай-күйі зерделеніп, қорытындысы бойынша оны қайта салуға қажетті 303 млн. теңге қаражат бөлу жөнінде тиісті ұсыныс енгізілсін;

 

2. Сүмбе ауылының ішкі жолдарын жөндеу бойынша басталған жобаны толық аяқтау үшін қосымша 376 млн. теңге қаражат бөлініп, жұмыстар толық аяқталсын.

 

3. Егістік алқаптарды сумен қамтамасыз ету мақсатында суару науаларын орнату мәселесі зерделеніп, тиісті жобалар тізбесіне енгізу жөніндегі ұсыныс енгізілсін.

31.12.2026 ж.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Су ресурстар және ирригация басқармасы

 

Ұйғыр ауданының

әкімдігі

 

А.Масабаев

(Бақылау)

 

 

 

Дата публикации
10 сентября 2026