Жоба Ұйғыр ауданының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру туралы

«Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы»  Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабына, Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2026 жылғы 29 сәуірдегі қорытындысына, жергілікті халықтың пікірін ескере отырып Ұйғыр ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Ұйғыр ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының «Алматы магистральдық желі бөлімшесі» филиалының – Алтынкөл жол дистанциясы «Жетіген-Алтынкөл учаскесін жаңғырту» жобасына сәйкес Ұйғыр ауданының мына құрамдас бөліктеріне:
  • Жаңа №4 разьезіне – «Бұғыты» разьезі;
  • Жаңа №5 разьезіне – «Қарадала» разьезі атауы берілсін.
  1. Осы бірлескен Ұйғыр аудандық мәслихатының шешімі мен Ұйғыр аудандық әкімдігі қаулысының орындалуын бақылау аудандық мәслихат аппаратының басшысы А. Манаповаға және салаға жетекші ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы бірлескен шешім және қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Ұйғыр аудандық мәслихат төрағасы

Ұйғыр ауданы әкімінің у.м.а

 

 

 

­­­­­___________________Н. Есжан

 

 

 

 

       _____________С. Жүмәділ

 

Дата публикации
07 сентября 2026