Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы
ХАТТАМАДАН КӨШІРМЕ
Шонжы селосы «31» тамыз 2026 жыл
Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 43-1 -бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 20.12.2018 жылғы №518 бұйрығымен бекітілген, Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес, ағымдағы жылдың 30 шілде күні аудандық «Іле өңірі» газетіне ауылшаруашылығы мақсатына арналған жерлерге 14 лот бойынша барлығы 196 га оның ішінде 5,9 га суармалы егістік, 7,0 га шабындық 184 га жайылымдық жер учаскелері баспасөзге жарияланып, 31 тамызда конкурс өткізіліп аудандық комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік ашық дауысымен және бал беру жолымен конкурстық комиссиясы конкурс жеңімпаздарын анықтады:
1) №3 лот бойынша Мүталып Османжан, №14 лот бойынша Бағыбар Едина, №22 лот бойынша Исаев Бакыт Елеусизович, №27 лот бойынша Маулен Дамир, №29 лот бойынша Маулен Дамир, №36 лот бойынша Аваков Ризайдин Азатович, №41 лот бойынша Мухаметжанов Бауыржан Даулетханулы, №44 лот бойынша Камирдинов Кадирдан, №46 лот бойынша Сибанбеков Ергали Нуржакыпович, №49 лот бойынша Байтилеуов Алиби Иманкулович конкурстың жеңімпаздары деп танылсын.
2) Төмендегі №26, 34, 35, 37 лот келесі конкурсқа қайта шығаруға ұсынылсын.
Конкурстық комиссияның төрағасы С. Жүмәділ