Алматы облысы Ұйғыр ауданының Шонжы ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша аумақтық сайлау округін құру туралы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы облысы Ұйғыр ауданының

Шонжы ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша

аумақтық сайлау округін құру туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Ұйғыр ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылдық округінің шекарасында Ұйғыр ауданы Шонжы ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша аумақтық сайлау округі құрылсын.
  2. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын және Ұйғыр ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

 

Төраға                                                                                       Е. Манапов

 

 

Хатшы                                                                                          Р. Максатов

 

 

 

 

 

№ 15 26.08.2026ж.

Дата публикации
26 августа 2026