Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылдық округінің
әкімін сайлауды тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына, 113-1-бабына сәйкес Ұйғыр ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылдық округінің әкімін сайлау 2026 жылғы 4 қазанға тағайындалсын.
- Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2026 жылғы 4 қазанға тағайындалған Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылдық округінің әкімін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын және Ұйғыр ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Төраға Е. Манапов
Хатшы Р. Максатов
№ 14 26.08.2026ж.