Ұйғыр ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 08 қаңтардағы № 1 «Ұйғыр ауданының аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерінің функционалдық міндеттерін бекіту туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы

Ұйғыр ауданының аумақтық сайлау комиссиясының
2024 жылғы 08
қаңтардағы № 1 «Ұйғыр ауданының аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерінің функционалдық міндеттерін бекіту туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 24 сәуірдегі көшпелі кеңесі хаттамасының 1.6-тармағын орындау мақсатында Ұйғыр ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ұйғыр ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 08 қаңтардағы № 1 «Ұйғыр ауданының аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерінің функционалдық міндеттерін бекіту туралы» қаулының қосымшасына сайлау комиссия төрағасы орынбасарының функционалдық міндеттеріне мынадай толықтыру енгізілсін:

«-Электоралдық науқандар кезеңінде сайлаушыларға дербес шақыруларды тиісті түрде табыстауды қамтамасыз ету жөніндегі қызмет үшін дербес жауапты болады».

  1. Осы қаулы Ұйғыр ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
  2. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Төраға                                                                           Е. Манапов

 

Хатшы                                                                          Р. Максатов

 

 

 

 

 

 

 

Шонжы ауылы,

2026 жылғы 03 тамыз

№ 14

Дата публикации
12 августа 2026