«Ұйғыр ауданының жолашулар көлігі және автомобиь жолдары бөлімі» ММ-нің 2026 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебі

«Ұйғыр ауданының жолашулар көлігі және автомобиь жолдары бөлімі» ММ-нің 2026 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебі

" Ұйғыр ауданының жолашулар көлігі және автомобиь жолдары бөлімі " мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер көрсету сұрақтары бойынша негізгі бағыттары:

          - мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңнамалық актілерге сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету;

          -мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасайды;

          -көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсынды;

          -мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттырады;

          -мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын қарайды және олардың заңда көрсетілген мерзімдерінің сақталу туралы ақпарат ұсынады;

          -көрсетілетін қызметті алушылардың сұранысы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетудің орындалу мерзімі туралы ақпарат береді;

          -корсетілетін қызметті алушылардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына қарсы шаралар қабылдайды.

Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер

"Ұйғыр ауданының жолашулар көлігі және автомобиь жолдары бөлімі " мемлекеттік мекемесі.

Мекен жайы: индексі 041800, Алматы облысы, Ұйғыр  ауданы, Шонжы ауылы, Әль-Фараби көшесі, №100.

 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат

«Ұйғыр ауданының жолашулар көлігі және автомобиь жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 1 түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:

1) «Cыртқы көрнекті жарнама (наружная реклама)»;

2) «Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобиль жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушыны субсидиялау (облысішілік ауданаралық (қалааралық), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңы қатынастары)».

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

          Аталған қызметтер электронды (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде, мемлекеттік корпорация арқылы, "электрондық үкімет" порталы арқылы көрсетіледі.

          Бөлім арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тегін түрде көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны

          Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны – 3.

1) «Cыртқы көрнекті жарнама (наружная реклама)»; Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 508-II «Жарнама туралы» Заңы.

2) «Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобиль жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушыны субсидиялау (облысішілік ауданаралық (қалааралық), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңы қатынастары» Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» Заңы (2003 жылғы 4 шілде № 476-II)

Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

          Көрсетілетін қызметті алушылармен кері байланыс жүргізіліп отырады. Атап айтар болсақ, қызмет алушылармен тиісті өтімдерін қарап, қажетті құжаттарды түсіндіру Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес өткізіліп отырады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер

          Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер жобалары Ұйғыр ауданы әкімдігінің сайты арқылы, Ұйғыр аудандық газеті арқылы, әлеуметтік желілер арқылы, оның ішінде бөлімнің https://www.instagram.com/uigur_avtodor2025/ инстаграм парақшасы арқылы жүргізіледі.

Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар 

          Ұйғыр ауданының жолашулар көлігі және автомобиь жолдары бөлімі тарапынан бекітілген жоспарға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылып отырады. Бөлім басшысы мен жауапты маман тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтер үдерісіне тартылған мамандармен түсіндіру шаралары, қызмет алушылармен, тасмалдаушылармен, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар

          Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстары жоспара сай оқытылады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат

          Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.

          Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мен мерзімдерінің, шағымдарды қарау мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ. Тәртіптік жауапкершілікке тартылған адамдар жоқ.

          Жеке және заңды тұлғалардан мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру туралы ұсыныстар түскен жоқ.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

          Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижесіне сәйкес, «Ұйғыр ауданының жолашулар көлігі және автомобиь жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі жұмысы  «жақсы» деп бағаланды.

 

 

           

 

 

 

Дата публикации
30 июня 2026