«Бахар ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің 2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебі
«Бахар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер көрсету саласы бойынша негізгі бағыттары:
- мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңнамалық актілерге сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету;
- мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасау;
- көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсыну;
- мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
- мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын қарайды және олардың заңда көрсетілген мерзімдерінің сақталуы туралы ақпарат ұсыну;
- көрсетілетін қызметті алушылардың сұранысы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетудің орындалу мерзімі туралы ақпарат беру;
- көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына қарсы шаралар қабылдайды.
Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер
«Бахар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
Мекен жайы: индексі 041804, Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Бахар ауылы, А.Розыбакиев көшесі, № 18.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат
«Бахар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 7 түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны
Аталған қызметтер электронды (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде, мемлекеттік корпорация арқылы, "электрондық үкімет" порталы арқылы көрсетіледі.
Мекеме арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тегін түрде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны
Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны – 3:
2.« Елді мекенде шегінде обьектілер салу үшін жер учаскелерін беру -көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсынды;
Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс
Көрсетілетін қызметті алушылармен кері байланыс жүргізіліп отырады. Атап айтар болсақ, қызмет алушылардың тиісті өтінімдерін қарап, қажетті құжаттарды толықтыру немесе шарттарын түсіндіру Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес өткізіліп отырады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер
Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер жобалары Ұйғыр ауданы Бахар ауылдық округі әкімінің сайты арқылы, аудандық газеттер арқылы, әлеуметтік желілер арқылы, оның ішінде округтің https://www.gov.kz/memleket/entities/uigur-bahar?lang=ru әкімнің сайты және https://www.instagram.com/bakhar.a.o.akimdigi?igsh=NnZobGJ6dzd5a3g0 инстаграм парақшасы арқылы жүргізіледі
Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар
Ұйғыр ауданының «Бахар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі тарапынан бекітілген жоспарға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылып отырады. Ауыл әкімі мен жауапты маман тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтер үдерісіне тартылған мамандармен түсіндіру шаралары, қызмет алушылармен, қарапайым халықпен жиналыстар, акциялар мен семинарлар өткізіліп отырады.
2025 жылдың қорытындысы бойынша барлығы 345 қызмет көрсетілді. Атап айтқанда:
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында жыл бойы 1 түсіндірме іс-шарасы ұйымдастырылды.
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен адамдар жоқ.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мен мерзімдерінің, шағымдарды қарау мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ. Тәртіптік жауапкершілікке тартылған адамдар жоқ.
Жеке және заңды тұлғалардан мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру туралы ұсыныстар түскен жоқ.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижесіне сәйкес, Ұйғыр ауданының «Бахар ауылдық округі әкімінің аппараты»" мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік мекемесінің жұмысы «өте жақсы» деп бағаланды.