«Ұйғыр ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің 2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебі
«Ұйғыр ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер көрсету сұрақтары бойынша негізгі бағыттары:
- мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңнамалық актілерге сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету;
- мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасайды;
- көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсынды;
- мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттырады;
- мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын қарайды және олардың заңда көрсетілген мерзімдерінің сақталу туралы ақпарат ұсынады;
- көрсетілетін қызметті алушылардың сұранысы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетудің орындалу мерзімі туралы ақпарат береді;
- корсетілетін қызметті алушылардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына қарсы шаралар қабылдайды.
Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер
«Ұйғыр ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
Мекен жайы: индексі 041800, Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы қаласы, Раджибаев көшесі, №75.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат
«Ұйғыр ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:
учаскесіне жеке меншік құқығын беру;
жер учаскесіндегі жер үлесін тіркеу;
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны
Аталған қызметтер электронды (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде, мемлекеттік корпорация арқылы, "электрондық үкімет" порталы арқылы көрсетіледі.
Әкімдік арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тегін түрде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны
Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны – .
1)
2)
3)
Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс
Көрсетілетін қызметті алушылармен кері байланыс жүйелі түрде ұйымдастырылып, тұрақты негізде жүргізіледі. Қызмет алушылардың пікірлері, ұсыныстары мен шағымдары мұқият қарастырылып, олардың негізінде қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша тиісті шаралар қабылданады. Сонымен қатар, кері байланыстың тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында әртүрлі байланыс арналары (ауызша, жазбаша, электрондық форматта) қолданылады. Бұл өз кезегінде қызмет алушылардың қажеттіліктерін жедел анықтауға және қызмет көрсету процесін жетілдіруге мүмкіндік береді. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, көрсетілетін қызметтердің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыруға ерекше көңіл бөлінеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер
Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер жобалары Ұйғыр ауданы әкімдігінің сайты арқылы, Ұйғыр аудандық газеті арқылы, әлеуметтік желілер арқылы, оның ішінде бөлімнің ..........................инстаграм парақшасы арқылы жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар
«Ұйғыр ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі тарапынан бекітілген жоспарға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету процессінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылып отырады. Аудан әкімі аппараты мен жауапты маман тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтер үдерісіне тартылған мамандармен түсіндіру шаралары, қызмет алушылармен, қарапайым халықпен жиналыстар, акциялар мен семинарлар өткізіліп отырады.
2025 жылдың қорытындысы бойынша барлығы 107 қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында жыл бойы ......... түсіндірме іс-шарасы ұйымдастырылды.
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен адамдар жоқ.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мен мерзімдерінің, шағымдарды қарау мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ. Тәртіптік жауапкершілікке тартылған адамдар жоқ.
Жеке және заңды тұлғалардан мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру туралы ұсыныстар түскен жоқ.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижесіне сәйкес,
«Ұйғыр ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмысы «жақсы» деп бағаланды.