ЖОБА
Қалжат ауылының
көшелерін қайта атау
және атау беру туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы №211 бұйрығымен бекітілген ««Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына» cәйкес, Қалжат ауылы халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2026 жылғы 29 сәуірдегі қорытындысының негізінде ШЕШТІМ:1.Қалжат ауылдық округінің Қалжат ауылының келесі көшесі: «Нураждин Имамзаров» көшесі- «Самал» көшесі деп қайта аталсын.2. Қалжат ауылдық округінің Қалжат ауылының келесі көшесі:Ашим Касым көшесіне - «Ақкөл » көшесі атауы берілсін;3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.4.Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі Д.Баратов