Алматы облысы Ұйғыр ауданы
Cүмбе ауылдық округі әкіміне
кандидаттарды ұсыну туралы ақпарат
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес, 2026 жылғы 29 сәуірде Ұйғыр ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 07 маусымға Алматы облысы, Ұйғыр ауданы Сүмбе ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындады.
Сайлау тағайындау, сайлау округтерін құру туралы қаулылар, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан орны және құрамы, учаскелік сайлау комиссиясының құрамы және шекарасы, сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары аудан әкімдігінің сайтында орналастырылған және аудандық «Қарадала тынысы - Қарадала нәпәси» газетінде жарияланды.
Барлығы сайлауда 1 аумақтық және 4 учаскелік сайлау комиссиялары, 27 сайлау комиссияларының мүшелері жұмыс істейді. Сүмбе ауылдық округі бойынша сайлаушылар саны 2097 адамды құрайды.
2026 жылдың 30 сәуірден бастап ауылдық округ әкімдігіне кандидаттар ұсыну басталды, ұсыну құқығы саяси партияларға, азаматтарға, өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден кем кандидат ұсынылған жағдайда, аудан әкіміне тиесілі екендігі хабарланды.
2026 жылдың 12 мамырындағы жағдай бойынша 4 кандидат өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылды.
Ауылдық округ әкіміне кандидаттарды ұсыну 2026 жылғы
12 мамырында сағат 18:00-де аяқталды.
Ұйғыр ауданының аумақтық сайлау комиссиясы