Ұйғыр ауданы «Үлкен Ақсу ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің 2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебі
Ұйғыр ауданының «Үлкен Ақсу ауылдық округі әкімінің аппараты»" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер көрсету сұрақтары бойынша негізгі бағыттары:
- мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңнамалық актілерге сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету;
-мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасайды;
-көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсынды;
-мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттырады;
-мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын қарайды және олардың заңда көрсетілген мерзімдерінің сақталу туралы ақпарат ұсынады;
-көрсетілетін қызметті алушылардың сұранысы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетудің орындалу мерзімі туралы ақпарат береді;
-корсетілетін қызметті алушылардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына қарсы шаралар қабылдайды.
Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер
Уйғыр ауданының «Үлкен Ақсу ауылдық округі әкімінің аппараты»" мемлекеттік мекемесі
Мекен жайы: индексі 041815, Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Үлкен Ақсу ауылы, Тохнияз көшесі, № 29.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат
Уйғыр ауданының «Үлкен Ақсу ауылдық округі әкімінің аппараты»" мемлекеттік мекемесінде 7 түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:
4.« Елді мекенде шегінде обьектілер салу үшін жер учаскелерін беру -көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсыну
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны
Аталған қызметтер электронды (ішінара автоматтандырылған) қағаз түрінде, мемлекеттік корпорация арқылы, "электрондық үкімет" порталы арқылы көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны
Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны – 1.
2.« Елді мекенде шегінде обьектілер салу үшін жер учаскелерін беру -көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсынды;
3.Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім қабылдау -мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын қарайды және олардың заңда көрсетілген мерзімдерінің сақталу туралы ақпарат ұсынады;
Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс
Көрсетілетін қызметті алушылармен кері байланыс жүйелі түрде ұйымдастырылып, тұрақты негізде жүргізіледі. Қызмет алушылардың пікірлері, ұсыныстары мен шағымдары мұқият қарастырылып, олардың негізінде қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша тиісті шаралар қабылданады. Сонымен қатар, кері байланыстың тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында әртүрлі байланыс арналары (ауызша, жазбаша, электрондық форматта) қолданылады. Бұл өз кезегінде қызмет алушылардың қажеттіліктерін жедел анықтауға және қызмет көрсету процесін жетілдіруге мүмкіндік береді. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, көрсетілетін қызметтердің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыруға ерекше көңіл бөлінеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер
Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер жобалары Ұйғыр ауданы Кетпен ауылдық округі әкімдігінің сайты арқылы, Ұйғыр аудандық газеті арқылы, әлеуметтік желілер арқылы, оның ішінде округтің https://www.instagram.com/ulken.aksu.ayuldik.okrugi?igsh=MW9jdDhpYTM1cmRwcw== инстаграм парақшасы арқылы жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар
Ұйғыр ауданының «Үлкен Ақсу ауылдық округі әкімінің аппараты»" мемлекеттік мекемесі тарапынан бекітілген жоспарға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету процессінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылып отырады. Ауыл әкімі мен жауапты маман тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтер үдерісіне тартылған мамандармен түсіндіру шаралары, қызмет алушылармен, қарапайым халықпен жиналыстар, акциялар мен семинарлар өткізіліп отырады.
2025 жылдың қорытындысы бойынша барлығы 781 қызмет көрсетілді. Атап айтқанда:
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында жыл бойы 2 түсіндірме іс-шарасы ұйымдастырылды.
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен мамандар жоқ.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат
Есепті кезең ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар тіркелген жоқ.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мен белгіленген мерзімдерінің бұзылу фактілері анықталған жоқ. Сондай-ақ, шағымдарды қарау мерзімдерінің сақталмауы жағдайлары орын алған жоқ. Осы кезеңде тәртіптік жауапкершілікке тартылған қызметкерлер тіркелмеген.
Жеке және заңды тұлғалар тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру жөнінде ұсыныстар келіп түскен жоқ.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелеріне сәйкес, Ұйғыр ауданының «Үлкен Ақсу ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде жүргізілген талдау қорытындысы бойынша аталған мекеменің қызметі «жақсы» деңгейде бағаланды. Аталған бағалау мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында белгіленген стандарттар мен регламенттердің сақталуын, қызмет алушыларға көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын, сондай-ақ өтініштерді қарау мерзімдерінің уақтылы орындалуын ескере отырып берілді. Сонымен қатар, мекеме тарапынан мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын одан әрі арттыру, халықпен кері байланысты күшейту және қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізу ұсынылады.