
Ағымдағы жылдың 30 қазанынан бастап №247 "Алматы қаласы-Мынбаев ауылы" қала маңындағы маршрут ұйымдастырылды. Жылжымалы құрам саны төрт автобусты құрайды. Аталған бағыт, Алматы қаласы, Төле би, Яссауи көшелерінің қиылысынан Мынбаев ауылы аралығын қамтиды. Бұдан басқа, Алматы мен Алматы агломерациясын дамыту жоспарына сәйкес 2024 жылдың соңына дейін 20 жаңа қала маңындағы маршруттарды ұйымдастыру жоспарлануда, олардың есебінен 50 елді мекенді қамту қамтамасыз етіледі.