Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы хабарландыру

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы хабарландыру

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 2,4-тармақтарына сәйкес,
2023 жылғы 10-15 мамыр аралығында Алматы облысы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау шаралары келесі бағыттар бойынша жүргізілетін болады:
- басқарманың қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде;
- ұйымдастыру-басқару қызметіне;
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша  ұсыныстар болған жағдайда, әкімшілік-ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Мелдеби Абдуалыұлы Абдимтай +7 708 708 47 10 байланыс телефоны бойынша хабарласа аласыздар.