Алматы облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының 2021 жылдың қорытындысы бойынша ақпарат

Алматы облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының 2021 жылдың қорытындысы бойынша ақпарат

       Алматы облысының автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 9 634 км құрайды (Республикалық маңызы бар 2 823 км, облыстық маңызы бар 6 811 км).

     Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында автокөліктің қауіпсіз және үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылы 439 шқ жөндеуге және күтіп ұстауға жалпы сомасы 27,8 млрд.теңге (РБ – дан – 2,8 млрд. теңге; ҰҚ – дан - 8,6 млрд. теңге, ЖБ-дан-16,4 млрд. теңге) қаражат бөлінді. Аталған қаражат 100 % игерілді.

     2021 жылы барлығы 439 км жол жөндеуден өткізілді. Оның ішінде:

  • 18,3 шқ. автомобиль жолдарының құрылысы мен қайта жаңартуға – 8,8 млрд.теңге.
  • 30,3 шқ. автомобиль жолдары мен 6 көпірді (1 көпір пайдалануға берілді және 5 көпір өтпелі) күрделі жөндеуге – 3,7 млрд.теңге;
  • 219,5 шқ. автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстарына – 7,0 млрд.теңге;
  • 170,9 шқ. автожолды маршруттық әдіспен ағымдағы жөндеуге, күтіп ұстауға және жөндеуге – 8,2 млрд.теңге.

Анықтама:

  • 2021 жылы облыс бойынша жергілікті маңызы бар жолдардың сапасын жақсарту үшін 318 жобаны (1 089,4 шқ) іске асыруға 47,6 млрд. теңге көзделген  (РБ – 2,8 млрд., ҰҚ - 10,8 млрд., ЖБ – 34 млрд.), оның ішінде:
  • 1) А/ж облыстық маңызы бар 27,8 млрд.теңгеге 78 жоба (439 шқ) (РБ – 2,8 млрд. теңге; ҰҚ – дан – 8,6 млрд. теңге, ЖБ - дан-16,4 млрд. теңге, оның ішінде "Нұрлы жол" шеңберінде 17,1 млрд. теңгеге 36 жоба (199,6 шқ)).
  • 2) "Ауыл-Ел бесігі " 2,4 млрд.теңгеге 17 жоба (71 шқ).
  • 3) "Жұмыспен қамтудың жол картасы" 0,4 млрд.теңгеге 11 жоба (24 шқ).
  • 4) ЖБ есебінен аумақтарды дамыту бағдарламасы бойынша 212 жобаға 17 млрд.теңге (555,4 шқ).

    2022 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 89%-ды құрады, ал 2022 жылдың соңына қарай бұл көрсеткішті 94%-ға жеткізу жоспарланған.

    Басқарма тізілімінде 54 тұрақты республикаішілік автобус маршруты бар.

    Аталған бағыттар жеке меншік нысанындағы 13 кәсіпорын, оның ішінде: 2 жеке кәсіпкер және 11 заңды тұлға қызмет көрсетеді.

    Ағымдағы жылдың қаңтар-қараша айларында автомобиль және әуе көлігімен 274,3 млн.жолаушы тасымалданып, жолаушылар айналымы              8 191,5 млн. п. км құрады.

    «Жетіген-Достық-Жетіген» әлеуметтік мәні бар теміржол қатынасы бойынша 35 133 жолаушы тасымалданды.

    Көрсетілген кезеңінде 11 лот бойынша 11 маршрутты қамтитын тұрақты ауданаралық, облысаралық маршруттарға қызмет көрсету құқығына 5 конкурс өткізілді.

   Конкурстың қорытындысы бойынша екі жеңімпазбен («Аймаханов» ЖК, «Атамекен-Инвест.кз» ЖШС) жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауды ұйымдастыру туралы екі лот бойынша шарттар жасалынды.

    Осы кезеңде елді мекендерді тұрақты маршруттармен қамтамасыз ету аясында «Талдықорған-Өскемен», «Талдықорған-Семей», «Талдықорған-Үшарал» маршруттары бойынша жылжымалы құрам саны ұлғайтылды, сондай-ақ «Талдықорған-Қабанбай» бағыты бойынша жаңа ауданаралық маршрут ұйымдастырылды.

     «Алматы облыстық мәслихатының 2018 жылғы 13 қарашадағы «Алматы облысында 2019-2021 жылдарға арналған әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» № 37-204 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» облыстық мәслихаттың шешімі қабылданып, қосымша 52 әлеуметтік мәні бар маршруттар енгізілді.

    2021 жылғы 25 ақпанында аудандық (қалалық) жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінің қатысуымен әлеуметтік маңызы бар автобус қатынастарын субсидиялау мәселелері бойынша кеңес өткізілді.

     2021 жылғы 27 сәуірде көлік бақылау инспекциясының және аудандар мен қалалар әкімдіктері өкілдерінің қатысуымен ұсталған көлікқұралдары үшін айыппұл тұрақтарын ұйымдастыру мәселелері бойынша кеңес өткізілді;

    2021 жылғы 16 маусымда әуежайлардың, автовокзалдардың, теміржол вокзалдарының, әуе компаниялардың өкілдерімен мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімділік жағдайларын жасау қажеттілігін түсіндіру мәселелері бойынша кеңес өткізілді.

     2021 жылғы 18 қарашада Талғар, Қарасай, Іле, Жамбыл, Еңбекшіқазақ аудан әкімдіктері өкілдерінің қатысуыме қала маңындағы маршруттарда азамттардың жекелеген санаттарына жеңілдіктерді қарастыру мәселесі бойынша жиналыс өткізілді.

     2021 жылғы 8 желтоқсанда әуежайлардың, автовокзалдардың, теміржол вокзалдарының, әуе компаниялардың өкілдерімен мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімділік жағдайларын жасау қажеттілігін түсіндіру мәселелері бойынша кеңес өткізілді.

     Қазақстан Республикасында автомобиль көлігінде қалалық жолаушылар тасымалын дамыту жөніндегі шаралар кешенінің, 2021-2023 жылдарға арналған мүмкіндігі шектеулі жандар үшін 100% кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі жол картасының, облыстық маңызы бар автожолдарда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ЖКО алдын алу бойынша бақылауды күшейтуге бағытталған іс-шаралар жоспарының, сондай-ақ «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі «Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!» атты Жол картасының әзірленуіне және қаралуына ат салыстық.

      Ағымдағы жылдың 24-26 ақпан аралығында, сондай-ақ ағымдағы жылдың 7-8 қазан аралығында мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жолаушылар мен багажды тасымалдауды жүзеге асыратын заңсыз тасымалдаушыларды анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізілді.

    Өткізілген іс-шаралар барысында көлік заңнамасы талаптарының бірқатар бұзушылықтары анықталды, оның қорытындысы бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасалды.