2022 жылдың І тоқсан айының қорытындысы бойынша
Алматы облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жолаушылар көлігі бөлімінің атқарған жұмыстары туралы АҚПАРАТ
Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 2022 жылдың І тоқсанында келісім-шарт жасады.
Қыс мезгілінде облысымыздағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында күтіп-ұстау және қар тазалау жұмыстары бақылауда болды. Сондай-ақ, наурыз айында басқарма басшының бастамашылғымен облыстық маңызы бар автомобиль жолдарындағы күтіп ұстау жұмыстарын жүргізетін 13 мердігер мекемелермен көктемгі су тасқыны қауіпін алдын алу шаралары әзірленіп, жиналыс өткізілді. Әрбір күтіп-ұстау жұмыстарына жауапты мердігер мекеме басшыларынан өзі жауапты ауданда қанша су өткізгіш құбырлар, көпірлер тазалғандығы жайында есебі тыңдалып, көктемгі су тасқынына дайындықты үнемі бақылауда ұстау жайында хаттамамен тапсырма берілді.
Автомобиль жолдары мен көпірлердің жөнделетін учаскелерінде қауіпсіздік үшін жол белгілерін орнату қажет (жөндеу жұмыстары кезінде уақытша жол белгілерін МЕМСТ 32945 сәйкес сары фонда орнату қажет).
Жол қозғалысы қауіпсіздігіне нұқсан келтірген жағдайда, сондай-ақ Заң мен Ереженің талаптары орындалмаған жағдайда, әрбір нысан бойынша мердігер мекемеге жауапкершілік жүктелген.
Тік бұрылыстары, тік түсуі және көтерілуі бар автомобиль жолдарында, сондай-ақ көпірлерде тиісті жол белгілерін орнату қажет.
Автомобиль жолында промоиндер табылған жағдайда жол полициясы органдарымен және төтенше жағдайлар жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп тексеру актісін жасау қажет.
Автомобиль жолдардында су тасқыны қауіпті учаскелерін патрульдеуді және тұрақты тексеруді және қажет болған жағдайда су тасқыны кезінде кезекшілікті ұйымдастыру.
Қажет болған жағдайда су өткізу құбырлары мен көпірлердің кіру және шығу арналарын (балшықтан және мұздан) тазалауды жүргізу, төтенше жағдайларды алдына үшін күн сайын автожолдарды патрульдеуді жүргізу.
Бұдан басқа, туристік объектілерді дамыту мақсатында қайта жаңарту бойынша конкурстар өткізіліп, 35-110 шқ "Алматы-Өскемен-Лепсі-Ақтоғай" және 0-27 шқ "Лепсі-Балқаш көлі" автомобиль жолдары бойынша мердігерлік ұйымдар анықталды. Қазіргі уақытта аталған объектілерде техниканы жұмылдыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы жылы Алматы қаласының шекарасынан ҮАААЖ-ға қосылатын Саин, Абай және Солтүстік жартылай айналма көшелерінің құрылысы бойынша жұмыстар басталды және бүгінгі күні автомобиль жолының санатына байланысты жер және су өткізу құбырлары бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстарына техниканы жұмылдыру және жол-құрылыс материалдарын дайындау бойынша жұмыстар жалғасуда.
Алматы және Талдықорған қалаларының қала маңындағы аудандарында облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу, жол жиектерін жоспарлау бойынша жұмыстар басталды.
Жалпы 2022 жылдың I тоқсанына жолдарды жөндеу жұмыстарына жоспар бойынша 5 409,2 млн. теңге, аталған қаражат 100% игерілді. Оның ішінде:
Автомобиль жолын қайта жаңартуға - 3 409,8 млн.теңге бөлініп, 100% игерілді.
Басқарма тізілімінде 54 тұрақты республикаішілік автобус маршруты бар.
Аталған бағыттарға жеке меншік нысанындағы 13 кәсіпорын, оның ішінде: 2 жеке кәсіпкер және 11 заңды тұлға қызмет көрсетеді.
Ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында автомобиль және авиация көлігімен 50,9 млн.жолаушы тасымалданды, жолаушылар айналымы 1 539,9 млн.ж.км құрады.
Көрсетілген кезеңде 6 лот бойынша 6 маршрутты қамтитын тұрақты ауданаралық, облысаралық маршруттарға қызмет көрсету құқығына 5 конкурс өткізілді. Көрсетілген конкурстар өтпеген деп танылды.
Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы көлік саласын дамыту мәселелері бойынша, оның ішінде саяжай алаптарын тұрақты қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңестерге қатысты, облыстық мәслихаттың жанындағы комиссиясының алдында көлік инфрақұрылымын дамыту жөнінде есеп берді, Алматы агломерациясын дамыту мәселелері бойынша, сондай-ақ ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің лизинг тетігі арқылы қоғамдық көлікті сатып алу мәселелері бойынша кеңестерге қатысты.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын, сондай-ақ облыста орналасқан саяжай алқаптарын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасын қарауға қатысты.
Үстіміздегі жылдың 1 тоқсанына портал арқылы www.elicense.kz 25 өтініш келіп түсті, оның ішінде «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» - 21, «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру» - 0, «Тасымалдаушының ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобиль жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырудағы тасымалдаушының залалдарын субсидиялау» – 0, «Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметiмен айналысу үшін лицензия беру» - 4.
Есепті кезеңде басқармада көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына қызмет алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттік қызметтер заңмен белгіленген мерзімде көрсетілді.
Басқарма басшысының орынбасары С.Самұратов