20.04.2022ж.
Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаiшiлiк тұрақты
тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған
конкурсты өткiзу туралы хабарландыру
- «Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ 2022 жылғы 20 мамырда сағат 15.00-де Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі № 26, 108 кабинет мекенжайы бойынша
жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаiшiлiк тасымалдау
маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу
туралы хабарлайды.
2. Конкурсқа мынадай маршруттар шығарылады:
ЛОТ № 6
№ 881 «Жаркент қаласы (Панфилов ауданы) – Талдықорған қаласы автовокзал».
- Конкурсқа меншiк нысанына қарамастан, меншiк құқығында
немесе өзге де заңды негiздерде автокөлiк құралдары бар кез келген
жеке және заңды тұлғалар қатысады.
4. Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрушiлер «Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-не конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтiнiмдi Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі № 26, 109 кабинет мекенжайы бойынша ұсынуы тиiс.
5. Конкурстық құжаттарды алуға өтiнiмдердi қабылдаудың және Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдаудың соңғы мерзiмi: 2022 жылғы 4 мамырда сағат 18.30.
6. 2022 жылғы 21 сәуірде сағат 11.00-де конкурстық Комиссия конкурсты өткiзу мәселелерi жөнiндегi конкурс алдындағы конференцияны өткiзедi.
7. Анықтама алу үшiн телефондар: 8/7282/32-96-64.
Басқарма басшысының орынбасары С. Самұратов