«Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №584 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

 

 

 

 

 

 

«Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы»

Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №584 қаулысының күші жойылды деп тану туралы  

 

 

Алматы облысының әкімдігі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37 бабы 8 тармағына,  «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №584 қаулысының күші жойылды деп танылсын (мемлекеттік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде №3697 болып тіркелген)
  2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен «Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі:

1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы қаулының мемлекеттік тіркелуін;

2) Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында осы қаулының ресми жарияланғанын кейін орналастырылуын;

3)  Осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс шаралардың орындалуы туралы мәліметтер «Алматы облысының әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне ұсынылсын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары     Ж. Ш.Тұяқовқа жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 Облыс әкімі                                                                                 Баталов А.

«Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №584 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Дата публикации
20 октября 2021