2021 жылғы І тоқсан қорытындысы бойынша Алматы облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының атқарған жұмыстары туралы Есебі

2021 жылғы І тоқсан қорытындысы бойынша

Алматы облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының атқарған жұмыстары туралы

Есебі

     Алматы облысы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 2021 жылдың I тоқсанында  2020 жылдан 2021 жылға өтпелі нысандар бойынша мердігер мекемелермен келісім шарттар жасалды.

      Қыс мезгілінде облысымыздағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында күтіп-ұстау және қар тазалау жұмыстары  бақылауда болды. Сондай-ақ, наурыз айында басқарма басшының бастамашылғымен облыстық маңызы бар автомобиль жолдарындағы күтіп ұстау жұмыстарын жүргізетін 13 мердігер мекемелермен көктемгі су тасқыны қауіпін алдын алу шаралары әзірленіп, жиналыс өткізілді. Әрбір күтіп-ұстау жұмыстарына жауапты мердігер мекеме басшыларынан өзі жауапты ауданда қанша су өткізгіш құбырлар, көпірлер тазалғандығы жайында есебі тыңдалып, көктемгі су тасқынына дайындықты үнемі бақылауда ұстау жайында хаттамамен тапсырма берілді.

       Сонымен қатар, қайта жаңғырту жұмыстары бойынша туристік нысандарды дамыту мақсатында Балқаш көліне апаратын               «Алматы-Өскемен-Лепсі-Ақтоғай» 35-110 шақырым  және «Лепсі-Балқаш көлі» 0-27 шақырым автомобиль жолдары бойынша конкурс өткізіліп, мердігер мекемелер анықталды. Қазіргі таңда аталған нысандарға техника жұмылдару (мобилизация техники) жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылы Алматы қаласының шекарасынан ҮАААЖ-ға қосылатын Сайн көшесі құрылысы бойынша жұмыстар басталып, бүгінгі күнге автомобиль жолының категориясына байланысты жер және су өткізігіш құбырлары бойынша жұмыстары жүргізілуде.

    Көпірлерді күрделі жөндеу жұмыстары бойынша Алакөл ауданында «Қабанбай-Көктұма» автомобиль жолының бойында орналасқан 5 көпір және «Қабанбай-Лепсинск» автомобиль жолының бойындағы 1 көпірге мердігер мекемелер техникаларын жұмылдыруда.

           Орташа жөндеу жұмыстарына техникалық жұмылдыру жұмыстары жалғастырылуда.

        Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында ағымдағы жөндеу және күтіп-ұстау жұмыстары бойынша Алматы және Талдықорған қалаларының маңындағы аудандарда және басқа да ауа-райы қолайлы өлкелерде ой-шұңқырларды жабу, жол жиегін тегістеу жұмыстары басталып кетті.

         Жалпы 2021 жылдың I тоқсанына жол жөндеу жұмыстарына жоспар бойынша 1 797,0 млн.теңге қаражат бөлініп, 1 797 мың теңге игерілді яғни 100%. Оның ішінде:

         Автомобиль жолын қайта жаңғыртуға – 386,4 млн. теңге бөлініп, 386,4 млн.теңге игерілді яғни 100%;

          Басқарманың тізілімінде 54 тұрақты республикаішілік автобус маршруты бар.

        Аталған бағыттарға жеке меншік нысанындағы 13 кәсіпорын, оның ішінде: 2 жеке кәсіпкер және 11 заңды тұлға қызмет көрсетеді.

      Ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында автомобиль және авиация көлігімен 78,1 млн. жолаушы тасымалданды, жолаушылар айналымы 1 853,0 млн. п. км құрады.

    Көрсетілген кезеңде 13 лот бойынша 13 маршрутты қамтитын тұрақты ауданаралық, облысаралық маршруттарға қызмет көрсету құқығына 4 конкурс өткізілді.

         Конкурстық комиссияның хаттамалық шешімі негізінде Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы конкурс жеңімпаздарымен екі лот бойынша (ЖК "Аймханов", ЖШС "Атамакен-Инвесткз") жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарттар жасасты, қалған 11 лот бойынша конкурс өтпеді деп танылды.

    Осы кезеңде елді мекендерді тұрақты маршруттармен қамту бойынша жұмыс шеңберінде "Талдықорған-Өскемен", "Талдықорған-Семей" маршруттары бойынша жылжымалы құрам саны ұлғайтылды, сондай-ақ "Талдықорған-Қабанбай" бағыты бойынша жаңа ауданаралық маршрут ұйымдастырылды.

      Әлеуметтік маңызы бар қатынастарды субсидиялау шеңберінде Алматы қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 2021 жылға арналған облыстық бюджетті нақтылау кезінде (Қапшағай қаласы мен Еңбекшіқазақ ауданының әлеуметтік маңызы бар бағыттары) 350,7 млн.теңге сомасында бюджеттік өтінім енгізді.

      Ағымдағы жылғы 25 ақпанда облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы әлеуметтік маңызы бар автобус қатынастарын субсидиялау мәселелері бойынша аудандық (қалалық) жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінің қатысуымен кеңес өткізді.

    Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, ағымдағы жылғы 24-26 ақпан аралығында орталық автовокзал ауданында заңсыз тасымалдаушыларды анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар өткізді.

      Өткізілген іс-шаралар барысында көлік заңнамасының талаптарын бірқатар бұзушылықтар анықталды, оның қорытындысы бойынша "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ Кодексінің 601-бабы 1-бөлігі, 590-бөлігі 5, 620-бөлігі 1, 623-бөлігі 3, 571-бөлігі 2, 623-бөлігі 3, 593-бөлігі 2, 591-бөлігі 1, 615-бөлігі 1, 601-бөлігі 1, 597-бөлігі 1-бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылды.

Ұшу-қону жолағын қайта жаңарту жөніндегі жобаны толыққанды іске асыру мақсатында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне 2021 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде 4 726 676,0 мың теңге сомасында ақша қаражатын бөлуге өтінім жолданды.

             Бүгінгі таңда бұл бюджеттік өтінім ҚР Қаржы министрлігінің қарауында жатыр.

      ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне "Алматы – Үшарал - Алматы" авиамаршруты бойынша рейстерді орындау жиілігін арттыру мәселесін қарау туралы қолдаухат жолданды.

 

 

Басқарма басшысы                                                        Ғ. Дәрібаев

2021 жылғы І тоқсан қорытындысы бойынша Алматы облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының атқарған жұмыстары туралы Есебі Алматы облысы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 2021 жылдың I тоқсанында 2020 жылдан 2021 жылға өтпелі нысандар бойынша мердігер мекемелермен келісім шарттар жасалды. Қыс мезгілінде облысымыздағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында күтіп-ұстау және қар тазалау жұмыстары бақылауда болды. Сондай-ақ, наурыз айында басқарма басшының бастамашылғымен облыстық маңызы бар автомобиль жолдарындағы күтіп ұстау жұмыстарын жүргізетін 13 мердігер мекемелермен көктемгі су тасқыны қауіпін алдын алу шаралары әзірленіп, жиналыс өткізілді. Әрбір күтіп-ұстау жұмыстарына жауапты мердігер мекеме басшыларынан өзі жауапты ауданда қанша су өткізгіш құбырлар, көпірлер тазалғандығы жайында есебі тыңдалып, көктемгі су тасқынына дайындықты үнемі бақылауда ұстау жайында хаттамамен тапсырма берілді. Сонымен қатар, қайта жаңғырту жұмыстары бойынша туристік нысандарды дамыту мақсатында Балқаш көліне апаратын «Алматы-Өскемен-Лепсі-Ақтоғай» 35-110 шақырым және «Лепсі-Балқаш көлі» 0-27 шақырым автомобиль жолдары бойынша конкурс өткізіліп, мердігер мекемелер анықталды. Қазіргі таңда аталған нысандарға техника жұмылдару (мобилизация техники) жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылы Алматы қаласының шекарасынан ҮАААЖ-ға қосылатын Сайн көшесі құрылысы бойынша жұмыстар басталып, бүгінгі күнге автомобиль жолының категориясына байланысты жер және су өткізігіш құбырлары бойынша жұмыстары жүргізілуде. Көпірлерді күрделі жөндеу жұмыстары бойынша Алакөл ауданында «Қабанбай-Көктұма» автомобиль жолының бойында орналасқан 5 көпір және «Қабанбай-Лепсинск» автомобиль жолының бойындағы 1 көпірге мердігер мекемелер техникаларын жұмылдыруда. Орташа жөндеу жұмыстарына техникалық жұмылдыру жұмыстары жалғастырылуда. Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында ағымдағы жөндеу және күтіп-ұстау жұмыстары бойынша Алматы және Талдықорған қалаларының маңындағы аудандарда және басқа да ауа-райы қолайлы өлкелерде ой-шұңқырларды жабу, жол жиегін тегістеу жұмыстары басталып кетті. Жалпы 2021 жылдың I тоқсанына жол жөндеу жұмыстарына жоспар бойынша 1 797,0 млн.теңге қаражат бөлініп, 1 797 мың теңге игерілді яғни 100%. Оның ішінде: автомобиль жолын қайта жаңғыртуға – 386,4 млн. теңге бөлініп, 386,4 млн.теңге игерілді яғни 100%; Басқарманың тізілімінде 54 тұрақты республикаішілік автобус маршруты бар. Аталған бағыттарға жеке меншік нысанындағы 13 кәсіпорын, оның ішінде: 2 жеке кәсіпкер және 11 заңды тұлға қызмет көрсетеді. Ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында автомобиль және авиация көлігімен 78,1 млн. жолаушы тасымалданды, жолаушылар айналымы 1 853,0 млн. п. км құрады. Көрсетілген кезеңде 13 лот бойынша 13 маршрутты қамтитын тұрақты ауданаралық, облысаралық маршруттарға қызмет көрсету құқығына 4 конкурс өткізілді. Конкурстық комиссияның хаттамалық шешімі негізінде Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы конкурс жеңімпаздарымен екі лот бойынша (ЖК "Аймханов", ЖШС "Атамакен-Инвесткз") жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарттар жасасты, қалған 11 лот бойынша конкурс өтпеді деп танылды. Осы кезеңде елді мекендерді тұрақты маршруттармен қамту бойынша жұмыс шеңберінде "Талдықорған-Өскемен", "Талдықорған-Семей" маршруттары бойынша жылжымалы құрам саны ұлғайтылды, сондай-ақ "Талдықорған-Қабанбай" бағыты бойынша жаңа ауданаралық маршрут ұйымдастырылды. Әлеуметтік маңызы бар қатынастарды субсидиялау шеңберінде Алматы қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 2021 жылға арналған облыстық бюджетті нақтылау кезінде (Қапшағай қаласы мен Еңбекшіқазақ ауданының әлеуметтік маңызы бар бағыттары) 350,7 млн.теңге сомасында бюджеттік өтінім енгізді. Ағымдағы жылғы 25 ақпанда облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы әлеуметтік маңызы бар автобус қатынастарын субсидиялау мәселелері бойынша аудандық (қалалық) жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінің қатысуымен кеңес өткізді. Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, ағымдағы жылғы 24-26 ақпан аралығында орталық автовокзал ауданында заңсыз тасымалдаушыларды анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар өткізді. Өткізілген іс-шаралар барысында көлік заңнамасының талаптарын бірқатар бұзушылықтар анықталды, оның қорытындысы бойынша "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ Кодексінің 601-бабы 1-бөлігі, 590-бөлігі 5, 620-бөлігі 1, 623-бөлігі 3, 571-бөлігі 2, 623-бөлігі 3, 593-бөлігі 2, 591-бөлігі 1, 615-бөлігі 1, 601-бөлігі 1, 597-бөлігі 1-бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылды. Ұшу-қону жолағын қайта жаңарту жөніндегі жобаны толыққанды іске асыру мақсатында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне 2021 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде 4 726 676,0 мың теңге сомасында ақша қаражатын бөлуге өтінім жолданды. Бүгінгі таңда бұл бюджеттік өтінім ҚР Қаржы министрлігінің қарауында жатыр. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне "Алматы – Үшарал - Алматы" авиамаршруты бойынша рейстерді орындау жиілігін арттыру мәселесін қарау туралы қолдаухат жолданды. Басқарма басшысы Ғ. Дәрібаев
Дата публикации
05 апреля 2021