Алматы облысы әкімдігінің 2017 жылғы 29 мамырдағы «Алматы облысының елді мекендерінің көшелерін күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасын бекіту туралы» № 232 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жоба

 

 

 

 

Алматы облысы әкімдігінің 2017 жылғы 29 мамырдағы

«Алматы облысының елді мекендерінің көшелерін күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасын бекіту туралы» № 232 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

 

          «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 

  1. Алматы облысы әкімдігінің "Алматы облысының елді мекендерінің көшелерін күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасын бекіту туралы" 2017 жылғы 29 мамырдағы № 232 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

аталған қаулымен бекітілген Алматы облысының елді мекендерінің көшелерін күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасындағы:

26-тармағы келесі редакцияда баяндалсын:

"26. Орташа жөндеу кезінде жол жамылғысының тозған қабатын және тегістілігін кезеңді қалпына келтіру, сондай-ақ жер төсемінің, су бұрғыштардың, жасанды, қорғау, бекіту, реттеу және басқа жол құрылыстарының бұзылуларын түзету жүргізіледі.

Орташа жөндеу бойынша жұмыстардың көлемдері ақаулықтар ведомосі негізінде жасалған сметалық есептермен айқындалады".

  1. «Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

         1) осы қаулының Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

         2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөліміне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ж.Тұяқовқа жүктелсін.
  2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Алматы облысының әкімі                                                    А. Баталов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы облысы әкімдігінің 2017 жылғы 29 мамырдағы «Алматы облысының елді мекендерінің көшелерін күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасын бекіту туралы» № 232 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
08 апреля 2021