21.12.2020ж.
Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаiшiлiк тұрақты
тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған
конкурсты өткiзу туралы хабарландыру
- «Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ 2021 жылғы 20 қаңтар сағат 15.00-де Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі № 26, 108 кабинет мекенжайы бойынша
жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаiшiлiк тасымалдау
маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу
туралы хабарлайды.
2. Конкурсқа мынадай маршруттар шығарылады:
ЛОТ № 1
«Әйтей к. (Алматы облысы) – Атырау қ.(Атырау облысы)».
ЛОТ № 2
«Әйтей к. (Алматы облысы) – Орал қ.(Батыс-Қазақстан облысы)».
ЛОТ № 5
«Әйтей к. (Алматы облысы) – Ақтау қ.(Маңғыстау облысы)».
ЛОТ № 6
«Әйтей к. (Алматы облысы) – Түркістан қ.(Түркістан облысы)».
ЛОТ № 7
«Әйтей к. (Алматы облысы) – Кентау қ.(Түркістан облысы)».
ЛОТ № 8
«Әйтей к. (Алматы облысы) – Жетісай қ.(Түркістан облысы)».
ЛОТ № 9
«Әйтей к. (Алматы облысы) – Қызылорда қ. (Түркістан облысы)»
ЛОТ № 3
«Талдықорған қ. (Алматы облысы) – Өскемен қ. (Шығыс-Қазақстан облысы) маусымдық»
- Конкурсқа меншiк нысанына қарамастан, меншiк құқығында
немесе өзге де заңды негiздерде автокөлiк құралдары бар кез келген
жеке және заңды тұлғалар қатысады.
4. Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрушiлер «Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-не конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтiнiмдi Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі № 26, 109 кабинет мекенжайы бойынша ұсынуы тиiс.
5. Конкурстық құжаттарды алуға өтiнiмдердi қабылдаудың және Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдаудың соңғы мерзiмi: 2021 жылғы 5 қаңтар сағат 18.30.
6. 2020 жылғы 23 желтоқсан сағат 11.00-де конкурстық Комиссия конкурсты өткiзу мәселелерi жөнiндегi конкурс алдындағы конференцияны өткiзедi.
7. Анықтама алу үшiн телефондар: 8/7282/32-96-64.
Басқарма басшысының м.а. Ғ. Дәрібаев