
Алматы облысынан өтетін магистральдық теміржол желісінің жалпы ұзындығы 1343,1 км.-ді құрайды және 13 ірі теміржол вокзалы (Достық, Матай, Үштөбе, Талдықорған, Сарыөзек, Жетіген, Алтынкөл, Бескөл, Ақши, Шамалған, Ұзынағаш, Қапшағай, Қазыбек бек) бар.
Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы әлеуметтік мәні бар ауданаралық жолаушылар қатынастары (маршруттар) бойынша теміржол көлігімен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялайды.