
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы» 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 Жарлығына сәйкес Алматы облысы әкімінің тапсырмасы бойынша бүкіл әлемдегі қалыптасқан жағдайды ескере отырып, облыстың барлық туристік объектілері уақытша жабылатын болады.
Облыстың туристік нарығындағы ағымдағы жағдай
Мұражайлар, оның ішінде «Таңбалы» мұражай-қорығы 2020 жылдың 16 наурызынан бастап келушілер үшін уақытша жабық.
Талғар ауданындағы «Сегіз көл», «Табаған», «Ақбұлақ» туристік кешендері қызметін 2020 жылдың 17 наурызынан бастап тоқтатты. «Ой-Қарағай-Лесная сказка» тау курорты резиденттерді санитарлық-гигиеналық нормаларды күшейте отырып демалысқа қабылдайды.
Ұйғыр ауданындағы ыстық көздердегі демалыс аймақтары жұмысын 2020 жылдың 18 наурызында сағат 12.00-ден бастап тоқтата тұруды жоспарлап отыр.
Ескелді ауданындағы «Қаратал» шипажайы өз қызметін 16 наурыздан бастап тоқтатты, Панфилов ауданындағы «Жаркент-Арасан», «Керімағаш» шипажайлары келушілер санын шектеу арқылы күшейтілген санитарлық-гигиеналық режимде жұмыс істейді.
Туристік фирмаларға турларды сатуды жабу және тиісті шаралар қабылдау ұсынылады.
Коронавирустық инфекцияның таралу қаупіне байланысты төтенше жағдай кезінде демалыс күнінің сапарлары мен турларынан қалыс қалуды ұсынамыз.
Қосымша ақпарат алу үшін 7(7282) 30 80 31 телефоны бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз.