Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерінің басшыларымен кездесуі

Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерінің басшыларымен кездесуі

Бүгін мемлекеттік ұлттық табиғи парктерінің (МҰТП) басшыларымен МҰТП аумағында туристік маршруттар мен соқпақтарды жайғастыру үшін шағын сәулет нысандары мен конструкцияларының бірыңғай пішімін құру бойынша кездесу өткізілді. Ағымдағы жылы туризм басқармасы саябақтармен бірге ақпараттық қалқандар, көрсеткіштер, урналар, орындықтар және т.б. орнатумен туристік маршруттарды абаттандыруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, "Алтынемел" МҰТП базасында Тарихқа дейінгі уақытта мекендеген жануарлардың макеттерімен геопарк құру бойынша жұмыс жалғастырылатын болады. Сондай - ақ, туристердің қауіпсіздігі шараларын қамтамасыз ету және парктер аумағында жұмыс істейтін жеке және заңды тұлғалардың санитарлық-эпидемиологиялық нормаларын сақтау мәселелері талқыланды.