Алматы облысының негізгі туристік аймақтарын дамыту бойынша жиыны

Алматы облысының негізгі туристік аймақтарын дамыту бойынша жиыны

Алматы облысы әкімі Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиевтің төрағалығымен облыстың негізгі туристік аймақтарын дамыту бойынша жиыны өткізілді.

Шараға Алматы облысы әкімі аппараты құрылымдық бөлімдерінің өкілдері, аудан әкімдері, квазимемлекеттік сектор басшылары және кәсіпкерлер қатысты.

Қатысушылар арасында Саты ауылы, Көлсай көлдері және Есік көлі аумағында туризмді дамыту және «NomadLands» көшпенділер қалашығын салу бойынша өзекті мәселелер көтеріліп, шешу жолдары қарастырылды.