Еңбекшіқазақ ауданының туристік әлеуетін арттыру бойынша жиын

Еңбекшіқазақ ауданының туристік әлеуетін арттыру бойынша жиын

Алматы облысының туристік әлеуетін дамыту жұмыс жоспарына сәйкес және мемлекеттік органдар арасында тығыз байланыс орнату мақсатында Алматы облысы Туризм басқармасының басшысы Айбар Теменов және Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Алтай Досумбаев бірлесе Еңбекшіқазақ ауданының туристік әлеуетін арттыру бойынша жиын өткізді.
Шараға туризм басқармасының мамандары мен Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігі аппаратының өкілдері қатысты.
Шарада географиялық және табиғи ерекшеліктерін ескере отырып туристік дестинацияларды дамыту және жаңа туристік орындарды ашу бойынша сұрақтар талқыланды.