
Алматы облысының туристік әлеуетін дамыту жұмыс жоспарына сәйкес және мемлекеттік органдар арасында тығыз байланыс орнату мақсатында Алматы облысы Туризм басқармасының басшысы Айбар Теменов және Кеген ауданының әкімі Талғат Баедилов бірлесе Кеген ауданында туристік инфрақұрылымды дамыту бойынша көшпелі жиын өткізді.
Шараға облыстың атқарушы билік органдары мен Кеген ауданы әкімдігі аппаратының өкілдері және кәсіпкерлер қатысты.
Шарада инфрақұрылымды дамыту, туризм саласындағы мемлекеттік қолдау механизмдерін пайдалана отырып ауданның туристік әлеуетін арттыру бойынша сұрақтар талқыланды.