Сыбайлас жемқорлыққа қарсы және алдын-алу бойынша жиын өткізілді!

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы және алдын-алу бойынша жиын өткізілді!

2022 жылдың 28 желтоқсаны күні басқарма басшысы Айбар Талғатұлы Теменовтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы және алдын-алу бойынша іс-қимыл жоспарына сәйкес жиын өткізілді. Жиынға басқарма қызметкерлері мен Алматы облысы «Туристік ақпараттық орталығы» КМҚК мамандары қатысты.
Жиынның негізгі мақсаты, облыстың туристік саласын дамытуға өз үлестерін қосып жүрген мамандар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, заң бұзушылықтарға жол бермеу.
Шара барысында басқарма басшысы облыстың туристік әлеуетін арттыратын жобаларды іске асыру және туристік инфрақұрылымды дамыту кезіндегі жемқорлық әрекеттерге жол бермеу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға жеке тоқталып, атқарылып жатқан жұмыстардың қатаң бақылауда екені ескертілді.