
Алматы облысы туризм басқармасы Алматы облысының туристік әлеуетін арттыру және өткізілетін іс-шараларда пайдалануға заманауи және бірегей логотипке конкурс жариялайды.
Конкурсқа қатысу шарттары:
- жеке және ұжымдық жобалар қабылданады;
- конкурсқа ұсынылатын жұмыстардың саны шексіз;
- конкурсқа материалдар JPG, png, Illustrator немесе Photoshop форматтарында түсіндірме жазбамен (көлемі 100 таңбадан аспайтын мәтін, логотиптің жалпы идеясын сипаттай отырып) электронды түрде ұсынылады;
- өтінім мен конкурстық материалды almatyregiontravel@gmail.com электрондық мекен-жайына жіберілуі тиіс;
Конкурс шарттарына сәйкес конкурстық жұмыстың элементтері Алматы облысының мәдени, географиялық, тарихи ерекшеліктерін көрсетуі тиіс. Логотиптің негізгі графикалық элементтері көрнекі түрде жақсы қабылдануы керек және кез-келген масштабта пайдаланған уақытта мәнін жоғалтпауы керек. Логотиптің негізгі графикалық элементтері кез-келген баспа өнімдерінде (қағаз және картон, пластик, шыны және т.б.) және кез-келген қолдану әдісінде көбейтуге жарамды болуы керек.
Логотип эскиздерін бағалау критерийі:
- осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкестігі;
- аймақтың тарихи, мәдени және географиялық ерекшеліктерінің көрінісі;
- жоғары көркемдік дизайн;
- қолданылған түстердің үйлесімділігі;
- қоғамдық тәртіп ережелеріне, әдет-ғұрыпқа қайшы келетін және авторлық құқықтар мен үшінші тұлғалардың құқықтарын бұзатын материалдар қарауға жатпайды;
- логотиптің авторлық құқықтары Алматы облысы туризм басқармасына тиесілі болады;
- байқауға қатысу өтінімдері 2023 жылдың 20 қаңтарына дейін қабылданады.
Жеңімпаз Алматы облысы әкімі аппаратының келісімі бойынша Конкурстық комиссиямен анықталады.