Алматы облысының туризм басқармасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 30 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес туроператорлық қызметке лицензия кіру-ішкі туризм және шығу туризмі саласында екі кіші түрге бөлінгенін хабарлайды.
Осыған байланысты туроператорлар 2022 жылдың 4 қаңтарына дейін өз қызметін лицензияның кіші түрлеріне қарай сәйкестендіруі керек еді.
Сондай-ақ, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-қосымшасының 87-жолына сәйкес туроператорлық қызметке лицензия ажыратылмайтын болып табылады, 1-сынып. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 11- тармақшасына сәйкес лицензияның иеліктен шығарылатындығы – басқа жеке немесе заңды тұлғаның біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру рәсімдерін жүргізбей, оған лицензияны қайта ресімдеу мүмкіндігі.
Бұдан басқа, лицензияның бөлінбейтіндігі оның қолданылу мерзімін айқындамайды, туроператорлық қызметке арналған лицензия мерзімсіз лицензиялар тізіміне кірмейді.
Осылайша, лицензияны өткізу мерзімі аяқталғаннан кейін 2022 жылғы
4 қаңтардан бастап Заңға сәйкес келмейтін лицензиялар жарамсыз болып табылады және оларды туроператорлық қызметте пайдалануға болмайды.
Қайта ресімделмеген лицензиямен қызмет көрсету кезінде «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 464 – бабы бірінші бөлігіне сәйкес лицензиялау нормаларын бұзу, оның iшiнде лицензияланатын қызмет түрлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеу – лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – он бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Осыған байланысты, туризм саласында қызмет көрсететін жеке және заңды тұлғалар ағымдағы жылдың 4 сәуіріне дейін бұрын берілген лицензияны қайтарып алып, кіру, келу және ішкі туризм саласындағы қызметтің кіші түрлеріне сәйкес туристік операторлық қызметке жаңа лицензия ресімдеуге өтініш беруі қажет.
Туроператорлық қызметке лицензияны келу-ішкі туризм және шығу туризмі саласындағы екі кіші түрге бөлу. Лицензияның кіші түрлері лицензияның ажырамас бөлігі болып табылатын лицензияға қосымшада көрсетіледі.
Туроператорлық қызметтің кіші түріне қарамастан лицензия алуға арналған талаптар:
Шығу туризмінің туроператорлары үшін банк кепілдігін енгізу туралы шарттың болуы қажет.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру «электрондық лицензиялау» порталында жүзеге асырылады. www.elicense.kz ЭЦҚ қолдану арқылы.
Лицензияны онлайн алу және қайта ресімдеу үшін («электрондық лицензиялау» порталында) www.elicense.kz):
Туристік операторлық қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарлар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары болып табылады.