Алматы облысында ішкі туризм көлемі жыл ішінде айтарлықтай өсті.

Алматы облысында ішкі туризм көлемі жыл ішінде айтарлықтай өсті.

25 қарашада Шонжы қаласында Алматы облысының Zhetysu travel туристік ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен «Tourism ReStart. Алматы облысы» форумы өткізілді.

Форумға туризм саласының өкілдері – ірі туроператорлар, мамандандырылған қауымдастықтардың өкілдері, Қазақстан Республикасы облыстарының туризм басқармасының, Алматы облысының туристік ақпараттық орталығының, «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ басшылары, «ЮНЕСКО-ның Қазақстандық Ұлттық комитеті қатысты.
Форумның мақсаты карантиндік шектеулер мен саланы қалпына келтіруге байланысты туризмде қалыптасқан жағдайды талқылау болды.

Еліміздің ұлттық саябақтарына келушілердің 70 пайызы Алматы облысының саябақтарында. Бұл МҰТП Іле-Алатау, Алтын Емел, Көлсай көлдері, Шарын. Жалпы, туристік ағын 2019 жылмен салыстырғанда 2021 жылдың 8 айында 415,5 мың адамнан 499,2 мың адамға өсті.

Саладағы оң үрдісті ескере отырып, қатысушылар қарқынды сақтауға көмектесетін бірқатар нақты шараларды ұсынды. Бастамалардың бірі – Алматы облысының туристік ақпараттық орталығынан Қазақстан Республикасының туристік ақпараттық орталықтары қауымдастығын құру идеясы қатысушыларды қызықтырды.

Жалпы, форум Алматы облысындағы туризм саласының әлеуеті зор екенін ғана емес, сонымен қатар еліміздегі қонақжайлылық индустриясын дамытудың драйверлерінің бірі болып табылатынын көрсетті.