2021 жылғы 17-19 маусым аралығында "Kazakh Tourism "ҰК" АҚ Алматы облысының туризм басқармасымен және Қазақстандық туризм қауымдастығымен бірлесіп "Көлсай көлдері"ұлттық паркінде қонақ үйлер иелері үшін алғашқы практикалық семинар өткізді.

Үш күндік іс-шара шеңберінде қазақстандық туроператорлар мен басқа өңірлерден келген қонақ үйлердің иелері үшін ақпараттық тур, ауылдарда тамақтандыруды ұйымдастыру, қолөнершілік және туризмді тұрақты дамыту бойынша оқыту тренингтері мен семинарлар өтті. Сонымен қатар, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жергілікті қоғамдастықпен жақында қабылданған туризм саласындағы мемлекеттік қолдаудың жаңа шараларын түсіндіру бойынша кездесу өткізді. Сондай-ақ, іс-шара аясында пакеттелген туристік ұсыныстарды орналастыруға арналған Forte Travel мобильді қосымшасы таныстырылды. Турбизнес өкілдері атап өткендей, мұндай құрал халықтың жоспарланған демалыс мәдениетін арттыруға мүмкіндік береді. Іс-шараға бизнес-қоғамдастықтан басқа, "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының, сондай-ақ Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарының салалық туризм басқармаларының өкілдері қатысты.