Меню

Страницы

Статья

2020 жылдың 1 тоқсанында Алматы облысында туризмнің дамуы жайлы ақпарат

Есептік кезеңде Алматы облысының туризм басқармасымен Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыстар жалғастырылды.

Туризм саласындағы көрсеткіштердің төмендеуіне Дүниежүзілік денсалық сақтау ұйымы пандемия деп таныған коронавирус індетінің  туындауы себепші болды. Осыған байланысты «Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 Жарлығына сәйкес ағымдағы жылдың 16 наурызынан бастап облыс аумағындағы барлық туристік объектілердің қызметін уақытша тоқтата тұру туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта санитарлық-гигиеналық нормаларды күшейте отырып, 6 шағын орналастыру нысаны ғана қызмет көрсетуін жалғастыруда.

Есептік кезеңде Алакөл көлінің жағалауын дамытудың Мастер-жоспарын іске асыру, оның ішінде Ақши және Көктұма ауылдарында көл жағалауын бекіту, Ақши ауылында кәріз, сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңарту және салу, Үшарал қаласы әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңарту бойынша жұмыстар жалғастырылды. Қазіргі уақытта жобалар бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алу порталында келесі конкурстық рәсімдер жүргізілуде:

– «Алакөл ауданы Алакөл көлінің жағалауында кәріз жүйесін салу, тәулігіне 6,5 мың текше метр кәріз тазарту ғимаратын салу».

– Алматы облысы Алакөл ауданының демалыс аймағын есепке ала отырып, Ақши ауылы Алакөл көлінің жағалауын сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту және салу».

– «Алматы облысы Алакөл ауданы Алакөл көлінің қоршау бөгетін салу».

– «Көктұма-Қабанбай автожолының» Жоңғар Алатау » МҰТП-ге дейінгі учаскесі аралығында орташа жөндеу (97 км) жұмыстарын жүргізу.

2020 жылдың бірінші тоқсанында Алакөл көл жағалауында 1 туристерді қабылдау нысаны пайдалануға берілді, жеке инвестиция көлемі – 110,0 млн. теңге, 5 жұмыс орны ашылды.

Алматы тау-кен кластерінің Мастер-жоспары іске асырылуда. Туризм бойынша аймақтық жобалық кеңсе құрылды. Оған қала және облыс әкімдіктерінің, «Қазахтуризм» Ұлттық компаниясының өкілдері мен Азия Даму Банкінің консультанттары кіреді. Алматы тау-кен кластерін дамытудың Жол картасы әзірленіп бекітілді.

Талғар локациясы бойынша «Алматы тау кластері Талғар локациясының туристік нысандарының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын, соның ішінде автожолдар салу» техникалық экономикалық негіздемесі (ТЭН) әзірленуде. Сондай – ақ «Апорт», «Ақтас » –  «Oi-Qaragai Lesnaya Skazka». «Ақбұлақ» 4 CCК жобаларының Жол картасы аясында егжей-тегжейлі жоспары әзірленді.

Сонымен қатар, Өңірлік үйлестіру кеңесі «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында 198 млн.теңге сомасына шағын станциямен 14,5 км электр беру желілерінің құрылысы жобасын мақұлдады.

Түрген локациясы бойынша жобалау-іздестіру жұмыстарын есептеу жұмыстары басталды. Локацияны зерттеу үшін ағымдағы жылы грант бөлуге Азия даму банкімен жұмыстар жүргізілуде.

Қаскелең және Шарын локациялары бойынша туристік нысандардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымының қажеттілігі бойынша бастапқы деректерді жинау жүргізіледі.

Облыстың туристік маршруттарында 32 бірлік санитарлық-гигиеналық тораптарды орнатуға жергілікті бюджет есебінен 256 млн.теңге бөлінді.

«Nur Otan» партиясы бастамашылық еткен «Біз біргеміз» республикалық акциясы аясында облыстық туризм басқармасы «Қазақтуризм «АҚ ҰК және Қазақстандық туристік қауымдастығымен бірлесе отырып, Алматы облысының турбизнесін қолдау мақсатында» туризм саласындағы дағдарысқа қарсы шаралар «атты вебинарлар топтамасын өткізуде. Жазғы туристік маусымды ұйымдастыру, агротуризмге инновациялар енгізу, облыстың 200-ден астам туроператорлары мен туристік объектілерін қамтитын туристік өнімді цифрландыру бойынша вебинарлар өткізілді.  І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде «туристік индустрия ұйымдарында инновацияларды енгізу»тақырыбында мастер-класс өткізілді.

         Сондай-ақ, азаматтар мен турбизнес өкілдерінің өтініштеріне ақпараттық қолдау таныту мақсатынла Call-орталықтың жұмысы ұйымдастырылды.

Дата публикации
29 апреля 2020
Дата обновления
08 июня 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
30 марта 2024
Байкент ауылы, Ворошиловское су қоймасы бөгетінің бұзылғаны туралы
Ақпарат
04 марта 2024
Алматы облысының жедел штабынан маңызды хабарлама!
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

vk
fb
insta
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы