Анықтама 2020-2022 жылдарға «Алматы облысының туризм басқармасы» ММ-нің азаматтық бюджеті

АНЫҚТАМА
2020-2022 жылдарға «Алматы облысының туризм басқармасы»  ММ-нің азаматтық бюджеті

 «Алматы облысының туризм басқармасы» ММ - облыс аумағында туризм саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Алматы облысы әкімдігінің 2017 жылғы 15 қарашадағы №503 қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес өз қызметін жүзеге асырады.

«Алматы облысының туризм басқармасы » ММ қарамағында келесі ведомстволық бағынысты ұйым бар:

1) "Алматы облыстық туризм және ақпараттық қызмет көрсету орталығы" МКҚК»

Бюджет көлемі Алматы облыстық мәслихатының 2020 жылғы 14 шілдедегі  «Алматы облысының 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешімімен бекітілді.

Алматы облысының туризм басқармасы - 284 бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша 2020-2022 жылдарға арналған 2 бюджеттік бағдарлама бекітілді:

284 001 «Жергілікті деңгейде туризм саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» -2020 жыл- 43 823,0 мың теңге, 2021 жылы – 42 966,0 мың теңге. 2022 жыл – 43 903,0 мың теңге.;

284 004  «Туристік қызметті реттеу»  - 2020 жыл – 331 035,0 мың тг., 2021 жылы- 487 953,0 мың теңге. 2022 жыл – 488 876,0 мың теңге.;

 

Дата публикации
27 июля 2020