Басқарма өз қызметінде 2023-2025 жылдарға арналған Алматы облысының Даму жоспарын, Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын және басқа да стратегиялық құжаттарды басшылыққа алады.
Сонымен бірге, Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің Алматы облысының тау кластерін, Қапшағай су қоймасын, Алматы агломерациясын дамыту жөнінде бірқатар тапсырмалары бар.
Қазіргі уақытта туризм саласы әлемдік экономиканың қарқынды дамып келе жатқан саласы, оның өсу қарқыны экономиканың басқа салаларының өсу қарқынынан 2 есе жоғары. Негізгі көрсеткіштер бойынша, оның ішінде инвестициялық салымдардың тиімділігі бойынша туризмді мұнай өндіру өнеркәсібімен салыстыруға болады.
Туризм әлемдік жиынтық өнімнің шамамен 10%-ын, қызметтердің әлемдік экспортының 30%-ын, әлемдік инвестициялардың 7%-ын, жұмыс орындарының 10%-ын және барлық салық түсімдерінің 5%-ын құрады.
Үкімет тарапынан да 2025 жылға қарай еліміздің жалпы ішкі өніміндегі туризм үлесін 8 процентке дейін жеткізу міндеті қойылған.
Осыған орай, облыс аумағында туризмді басқару үшін туристік инфрақұрылымды дамытуды ұйымдастыру мен қамтамасыз ету, туризмді дамыту саласындағы кәсіпкерлік субъектілерін үйлестіру және оларға жәрдем көрсету, туристік инфрақұрылымның жаңа объектілерін дамыту мен құруға байланысты іс-шараларды іске асыру, туризм саласына инвестициялар тарту бойынша қолайлы жағдайлар жасау қажеттілігі талап етіледі.
Республикамыздың Туристендіру картасына жататын 68 республикалық және өңірлік деңгейдегі туристік аумақтардың қатарына Алматы облысының 10 аумағы енгізілгенін атап өткен жөн.
Алматы облысының туристік әлеуетін «Іле-Алатау», «Шарын», «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи парктері, Қапшағай су қоймасы, Балқаш көлі, Таңбалы петроглифтері, Талхиз қалашығы, Алматы тау кластері және басқа да көрнекті орындар құрайды.
Туризм саласында ішкі, келуші туристер санын арттыруға бағытталған жұмыстар тұрақты негізде жүргізілуде және оны дамыту өңір экономикасының басым секторларының бірі болып табылады.
Басқарма облыс туризмін дамыту стратегиясын нақты айқындап, 2023-2026 жылдарға арналған Мастер-жоспар, сондай-ақ оны ілгерілету жолдары әзірленді және жақын арада жұмыс Мастер-жоспарға сәйкес жүргізілетін болады.
Жұмыстың негізгі бағыттары
Басқарма өз қызметін қоғамдық дамудың бес негізгі бағыты бойынша жүзеге асырады:
1. Өңірдегі барлық туристік іс-шараларға қатысу мен туристік саясатты айқындап, өз құзыреті шегінде жүзеге асыру;
2. Стратегиялық құжаттарда көрсетілген индикаторларға қол жеткізілуге мониторинг;
3. Жергілікті және шетел инвесторларымен өңірдің туризм саласына инвестиция тарту бойынша жұмыс жасасу;
4. Туристік қызмет саласына талдау жүргізу және туроператорларға лицензия беру;
5. Инфрақұрлымды дамытуға жағдай жасау және субсидия бөлу комиссияларын жүргізу.
Облыс бойынша жалпы туристік анықтама
Облыс аумағында туристік статистика мәліметтеріне сәйкес инфрақұрылымның 241 объектісі қызмет көрсетеді, оның ішінде 4 577 нөмері бар 114 қонақ үй бар, былтыр келуші туристер 360 мыңды құрайды, ол 2021 жылмен салыстырғанда 23%-ға артқан, алайда тіркеу жүргізілетін орналастыру орындарынан тыс келетін, яғни пәтер жалдайтын, көлікпен келетін, арнайы палаталарда қонатын, туыс-достарында тоқтайтын туристердің саны едәуір жоғары, оның ішінде тек облыстың ұлттық парктеріне келген адамдар саны – 951 мыңды құрады. Облысымызда жалпы 13 000 жататын төсек-орын бар. Ақылы туристік-сауықтыру қызметтерінің көлемі былтыр 6,6 млрд. теңгені құрады.
Анықтама үшін: 2021 жылдың тиісті деңгейімен салыстырғанда 164% құрады (2021 ж. - 3,3 млрд. теңге.).
Туристік өнімді дамыту және маркетинг
Маркетингтік стратегияны жүзеге асыру мақсатында халықаралық туристік операторлар мен туристік нарықтың басқа да қатысушылары үшін ақпараттық турлар ұйымдастырлып тұрады (Fam Trip тұжырымдамасы бойынша).
Ағымдағы жылдың 20 наурыз күні облыстың туристік әлеуетін арттыру және ішкі және кірмелі туризмді дамыту мақсатында Халықаралық «ALATAU HIKE» туристік форумы ұйымдастырылды.
Форумның шеңберінде 2 ақпарттық тур ұйымдастырылып, Ұлыбритания, Италия, Нидерландының БАҚ өкілдері мен БАӘ, Катар, Ресей мен Әзірбайжан елдерінің туроператорлары қатысты.
Сондай-ақ, іс-шаралықтуризм аясында ағымдағы жылы бірқатар ірі іс-шара, оның ішінде халықаралық іс-шаралар өткізілді және жоспарланған. Бұл жақын уақытта демеушілер есебінен өткен Іс-шара туризмі аясында елімізде алғаш рет әуе шарлары фестивалі і, онда 60 мыңға жуық қатысушылар, қонақтар, еліміздің түкпір-түкпірінен келген еріктілер жиналды, жуырда өткен «Tengri ultra» Ұлы дала марафоны, Халықаралық Іле-Балхаш регатасы және басқалар, бұл шаралар өңірімізге 100 мыңнан астам демалушыны тарта отырып, оң имиджді қалыптастырады деп күтілуде.
Облыс бойынша билбордтарда тартымды туристік орындар туралы ақпараттық маңдайшалар орнату ұйымдастырылды. Алматы халықаралық әуежайының кіреберіс тобында (Led-экран) облыстың туристік орындары туралы бейнеролик орнатылды.
Өңірдің туристік әлеуетін танымал ету мақсатында нысаналы аудиториясы 450 миллион көрерменді құрайтын «BBC News» халықаралық телеарнасында аймақтың әдемі және бай табиғаты туралы ақпаратты қамтыған жарнамалық науқан іске қосылды.
Сонымен бірге Басқарма тарапынан «Мото-шеру», «SHAMAL», Джиперс-шалкөде, СВМДА шеңберінде Қазақстан-Қырғызстан шекарасынан өту және т.б сияқты бірқатар іс-шараларды бірлесе отырып, өткізуге жәрдем көрсетіліп келеді.
Сондай-ақ, Басқарма мамандары мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен облыс аумағындағы туристік объектілерге тұрақты түрде түгендеу, мониторинг жүргізіп тұрады.
Инфрақұрылымды дамыту
Көлеңкелі экономиканың үлесін төмендету жөніндегі жұмыс шеңберінде облыстың барлық орналасу орындарында «eQonaq» жүйесін енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жүйе туристік қызметтердің сапасын және отандық қонақүйлердің тартымдылығын арттырады, сондай-ақ көші-қон заңнамасының сақталуын бақылауды жақсартады. Осы жүйені енгізу қажеттілігін түсіндіру бойынша кәсіпкерлермен, аудан әкімдіктерімен бірқатар кеңестер өткізілді.
Сонымен қатар, келушілерді есепке алу механизмі жақсарады, өйткені келушілер саны туралы деректерді ұсынған кезде біз кіру және ішкі туристердің нақты көрінісін толық көрсетпейтін статистикалық мәліметтерге сүйенуге мәжбүрміз.
Туризм флагмандарының бірі Алматы тау кластері болып табылады және әрбір екінші шетелдік туристтің Алматы агломерациясына келетіндігін ескере отырып, жыл сайын туристік ағын артып келеді. Әкімдік ағымдағы жылдан бері жұмсақ инфрақұрылымды дамыту жұмыстарын жүргізуде. Биыл ұзындығы 337 км туристік соқпақтарды жайластыру жоспарланған. Қазіргі уақытта конкурстық рәсімдер жүргізілуде.
Туристік операторлық қызметке лицензия 1 жеке кәсіпкерге берілді.
Ағымдағы жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Алматы облысының әкімдігі арасында Алматы облысында туризмді дамытудың 2025 жылға дейінгі жол картасы (іс-шаралар жоспары) бекітілді. Бұл карта инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған 22 түрлі форматты жобаны көздейді.
Бұдан басқа, Көлсай көлдерінің аумағындағы туристік ағымды реттеу және ұсынылатын сервистің сапасын арттыру мақсатында ұлттық парктің жанындағы автотұрақтарды, қоғамдық тамақтандыру объектілерін және сауда дүңгіршектерін көшіру жөнінде шаралар қабылдануда.
Негізгі автожолдар мен туристік маршруттар бойында туристік навигациялық жүйенің эскиздік жобалары дайындалды. Оларды орнату нүктелері анықталды. Республикалық және облыстық жолдар бойында жүзге жуық туристік навигациялық жүйе белгіленеді.
Туризм флагмандарының бірі Алматы тау-кен кластері болып табылады және әрбір екінші шетелдік турист Алматы агломерациясына келетіндігін ескере отырып, жыл сайын туристік ағын артып келеді. Алматы облысының әкімдігі өңірде жұмсақ инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыстар жүргізуде.
Алайда, Алматы тау-кен кластерінің, яғни МҰТП және қорғалатын аумақатрға инженерлік инфрақұрылымды құру жөніндегі нормалардың болмауына байланысты әкімдік мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің аумағында орналасқан туризм объектілерінде инженерлік және жол инфрақұрылымы жөніндегі нормалардың заңнамасына өзгерістер енгізуге қатысты мәселені бірнеше рет көтерді.
Бұл ұсыныстар Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының а. ж. 10 сәуірдегі және Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы М. С. Әшімбаевтың а. ж. 26 сәуірдегі сапары барысында көтерілген болатын.
Қазіргі уақытта заңнамаға өзгерістер жобасы ҚР уәкілетті органдарымен келісу сатысында.
Субсидия бөлу комиссиялары
Басқарма Мәдениет және спорт министрі бұйрықтарының негізінде 4 түрлі субсидияны үйлестіреді. Ағымдағы жағдай бойынша санитарлық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығындардың бір бөлігін субсидиялауға кәсіпкерлік субъектілері ұсынған үміткерлердің өтінімдерін қарау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссия отырысына 4 өтінім келіп түсіп, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінен келісім алынып, әкімдіктің қаулысы негізінде субсидияланатын санитарлық-гигиеналық тораптар тізбесі айқындалып, ай сайын 83 300 теңге көлемінде субсидия төленуде.
Жалпы елімізде туристік бағытта, оның ішінде этно, эко туризмді дамытуға ниет білдірген кәсіпкерлерге туристік нысан мен жол бойындағы сервис үшін субсидия бөлу шеңберінде 10 % шығынын өтеу қарастырылған.
Цифрландыру
Цифрландыру бойынша Алматы облысының туристік әлеуеті туралы 4К форматында туристік бейнеролик шығарылды.
Облыстың туристік индустриясын цифрлық картографиялық сервистерде, әлеуметтік желілерде, интернет-сайттарда индустрия объектілерін/субъектілерін орналастыру жұмыстары жүргізілді.
Облыстың туристік көрікті жерлері туралы ақпарат республикалық және жергілікті маңызы бар трассаларда сыртқы жарнама құралдарында орналастырылған.
Облыстың туристік дестинацияларында, Қонаев қаласын қоса алғанда «discover Almaty region» навигациялық жүйесі әзірленіп, орнатылды.
Сонымен бірге, биыл облыс екіге бөлінгеннен кейін түгендеу жүргізу жоспарланған, оның қорытындысы бойынша туристік өнім көрсететін объектілер анықталып, арнайы «Alma.reg» қосымшасы әзірленетін болады.
Сондай-ақ, барлық іс-шараларды қамту үшін үнемі жұмыс істейтін «ALMATYREGION.TRAVEL» веб-сайт жасалды. Осы сайтта туристер үшін облыстың туристік әлеуеті, табиғи, тарихи, мәдени туризм объектілері туралы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қажетті ақпарат алуға мүмкіндік бар.
Жеке инвестициялық жобалар
2022 жылдан бері инвесторларды тарту арқылы туризм саласының қызмет сапасын арттыруға бағытталған жобалар жүзеге асырылуда. Жалпы сомасы 9,9 млрд. теңгеге 21 жеке инвестициялық жоба іске асырылды. Оның ішінде «Golden beach Kapshagai», «Makao Luxury Village» кешендерінің құрылысы, Шарын ұлттық парк аумағында жаңа Sharyn, Түрген шатқалында визит-орталықтарының ашылуы. «SAF RESORT» санаториялық-курорттық сауықтыру кешенінің ашылуы және т.б. Жалпы өткен жылы туристік-сауықтыру қызметтері 6,6 млрд. теңгені құрады.
Сонымен бірге, Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің Алматы облысының тау кластерін, Қапшағай су қоймасын, Алматы агломерациясын дамыту жөнінде және басқа да бірқатар тапсырмалары бар.
1) 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба мен Алматы облысын дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған жоспары шеңберінде:
1. Ішкі туристер санын арттыру (жоспар 502,9 мыңадам, факт 355 мың), орындалу 71%.
Алматы облысында орналасқан 3 МҰТП ведомстволық бағыныстылығы және есептілік бойынша Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне тиесілі. Сонымен қатар, аталған МҰТП 55 ОКЭД көрсеткіші бойынша ақпаратты Ұлттық статистика бюросына ұсынбаған. Аталған көрсеткішті қалыптастырған кезде Ұлттық статистика бюросына 55 ОКЭД көрсеткішінің ұсынылуы қарастырылған болатын.
Мәселен, 2022 жылдың қорытындысы бойынша облыс аумағында орналасқан 3 МҰТП аумағына 0,9 млн. адам барған. Аталған ақпарат рспубликамызда туризм саясатын жүргізетін Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан расталған.
Сонымен бірге, «Көлсай көлдері» МҰТП-ға келушілердің басым бөлігі Көлсай көлдерінің жанындағы Саты ауылындағы жеке үйлерді жалға алатынын ескерген жөн. Қапшағай су қоймасына баратын қонақтардың саны айтарлықтай көп (басым бөлігі жеке үйлерді жалға алады, палатада, көлікте қонады және т.б.)
2.Келетін туристер санын ұлғайту (жоспар 2,17 мың адам, факт 3050)
Аталған көрсеткіш бойынша асырып орындау. 2022 жылдан бері түрлі санаттағы паспорттары бар туристерге визасыз кіруге рұқсат берілетін елдер тізімінің жаңартылып, айтарлықтай кеңеюіне байланысты болып тұр, яғни 26 мемлекет қосылды. Осы елдерден келетін туристердің саны жоспардан тыс болды.
3. Бөлме қоры санының ұлғаюы (жоспар 13 459 төсек-орын, факт 12937 төсек-орын), орындалу 96,1%
Аталған көрсеткіш бойынша жетіспеушілік 3,9 процентті құрайды, бұған 2022 жылы іске қосылуға жоспарланған кейбір салынған демалыс орындар құжаттар топтамасының пайдалануға беру бөлігінде ресімдеуге үлгермеуіне байланысты болып тұр.
4. Туризм саласына инвестициялар көлемін арттыру. Жоспар бойынша - 65,3 млрд.теңге, факт 37,33 млрд.теңге.
Жалпы аталған көрсеткіштер бұдан бұрын жоспарланған кезде тым асыра көрсетіліп, бекітіліп кеткен болатын, яғни жоспарлауға немқұрайлы қаралғанын атап өткен жөн. Оларға өзгерістер енгізу бойынша ұсыныс енгізетін боламыз.
2) Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Қ. Тоқаевтың 2022 жылғы 19 қазанда Алматы облысына жұмыс сапары барысында тапсырмаларын іске асыру бойынша бақылауды бекітудің 11 тармағы бойынша (Қапшағай су қоймасының мәртебесі елдің негізгі туристік объектілерінің бірі ретінде бекітілсін) келесіні хабарлаймыз.
Алматы облысының «Қапшағай» су қоймасы ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тізбесіне кіреді және су деңгейін реттеуді жүзеге асыратын гидротехникалық құрылыстардың республикалық меншігінде.
Су қоймасы халықты ауыз сумен қамтамасыз ету көзі ретінде пайдаланылады, сонымен қатар туризм мен демалыс орнына айналды. Туризм түрлерінің ішінде жағажай демалысын, су туризмін, ойын-сауық пен балық аулауды атап өтуге болады. Алайда, Қапшағай Қазақстан Республикасының курорттық аймақтарының тізбесіне кірмейтінін атап өткен жөн.
Қапшағай су қоймасы өңірлік деңгейдегі туристификация картасы (ТОП-50) объектілерінің тізбесіне енгізілген. Сондай - ақ, «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» ҚР Заңына сәйкес туристік картаның өңірлік деңгейдегі объектілерінің тізбесіне енгізілген туристік дамудың ерекше әлеуеті бар аумақ басым туристік аумақ (бұдан әрі - БТА) болып табылады.
Бұдан басқа, Алматы облысына Экология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 28 қазандағы жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Су ресурстары комитеті объектіге мәртебе беру бойынша жауапты болып бекітілді. Комитеттің келтірілген дәлелдеріне сәйкес «Қапшағай» су қоймасын қолданыстағы заңнама мен БТА мәртебесінің талаптары шеңберінде дамытуға болады.
Сонымен қатар, Мәдениет және спорт вице-министрі Е.М. Еркінбаевтың а. ж. 29 маусымдағы Алматы облысының тұрғындарымен есептік кездесуі барысында «Қапшағай» су қоймасына республикалық деңгейдегі мәртебе беру рәсімін бастау туралы шешім қабылданғанын қосымша хабарлаймыз.
3) Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың 2021 – 2023 жылдарға арналған кешенді жоспардың 46 тармағы бойынша (Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы алу жүйесін автоматтандыру (автокөлік) келесіні хабарлаймыз.
Республикалық бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін қызметтерді есепке алуды ұйымдастыруды жақсартуға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге, ашықтықты және қазіргі заманғы ақпараттық жүйені пайдалану арқылы қосымша табысты қамтамасыз етуге бағытталған ЕҚТА-ға БӨП автоматтандыру жөніндегі жобаны іске асыру жүргізілуде.
Іле-Алатау МҰТП-ның 75% посттарында мобильді қосымша арқылы төлем жүргізуге болады.
«Көлсай көлдері» және «Шарын» МҰТП бойынша ағымдағы жылдың соңына дейін БӨП автоматтандырылған жүйесін енгізу жұмыстары аяқталды.
4) 2023 жылғы 19 маусымда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә. А. Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет мәжілісінің №20 хаттамалық тапсырмасының орындалуы бойынша келесіні хабарлаймыз.
2.2.1. тармақ бойынша Алматы облысының әкімдігі өз қызметінде 2023-2025 жылдарға арналған Алматы облысының Даму жоспарын, Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын және басқа да стратегиялық құжаттарды басшылыққа алады.
Осыған орай, облыс аумағында туризмді басқару үшін туристік инфрақұрылымды дамытуды ұйымдастыру мен қамтамасыз ету, туризмді дамыту саласындағы кәсіпкерлік субъектілерін үйлестіру және оларға жәрдем көрсету, туристік инфрақұрылымның жаңа объектілерін дамыту мен құруға байланысты іс-шараларды іске асыру, туризм саласына инвестициялар тарту бойынша қолайлы жағдайлар жасау бойынша жұмыстар жүргізіп келеді.
2.2.2. тармақ бойынша Республикамыздың Туристендіру картасына жататын 68 республикалық және өңірлік деңгейдегі туристік аумақтардың қатарына Алматы облысының 11 аумағы енгізілгенін атап өткен жөн.
Алматы облысының туристік әлеуетін «Іле-Алатау», «Шарын», «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи парктері, Қапшағай су қоймасы, Балқаш көлі, Таңбалы петроглифтері, Талхиз қалашығы, Алматы тау кластері және басқа да көрнекті орындар құрайды.
Сонымен қатар, Алматы облысының 2022 жылы екіге бөлінуне байланысты аталған Туристендіру картасын өзектендірудің қажет екенін атап өткен жөн. Сонымен бірге, облысқа түгендеу жүргізу жоспарланған, оның қорытындысы бойынша туристік өнім көрсететін объектілер анықталып, арнайы «Alma.reg» қосымшасы әзірленетін болады.
Сондай-ақ, барлық іс-шараларды қамту үшін үнемі жұмыс істейтін «ALMATYREGION.TRAVEL» веб-сайт жасалды. Осы сайтта туристер үшін облыстың туристік әлеуеті, табиғи, тарихи, мәдени туризм объектілері туралы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қажетті ақпарат алуға мүмкіндік бар.
5) Мемлекет басшысының Алматы облысы бойынша 2022-2025 жылдарға арналған шекара маңы аумақтарын дамыту жөніндегі тапсырмасын іске асыру бойынша келесіні хабарлаймыз.
19 тармақ бойынша (Туризмді және трансшекаралық туристік маршруттарды, санаторий-курорттық емдеуді дамыту үшін жағдайлар жасау жөнінде шаралар қабылдау )
Алматы облысының әкімдігі Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) Хатшылығының көмегімен Іле Алатауы таулары арқылы Қазақстаннан Қырғызстанға Жаяу жорық жүргізу бастамасын пысықтауда. Аталған іс-шара ағымдағы жылдың 20-21 шілдесіне жоспарланған болатын, алайда Қырғызстан тарапының сұрауы бойынша іс-шара келесі жылға ауыстырылды. Биыл іс-шара шекарадан өтусіз жүзеге асырылатын болады.
Осындай бірегей жобаны іске асыру серіктес мемлекеттерді Алматы облысының инвестициялық және туристік әлеуетімен таныстыруға, тау туризмін ілгерілетуге ықпал етуге, халықаралық қоғамдастықтың назарын қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне аударуға, қырғыз әріптестерімен трансшекаралық ынтымақтастықты ынталандыруға мүмкіндік береді.
20 тармақ бойынша (Шекара маңы аудандарында қолжетімді және жайлы туристік ортаны қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдау)
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп «Шарын» ұлттық паркінің аумағында 5 млрд.теңгеден астам сомаға инвестициялық жобаларды іске асыратын инвестор тартылды. 24 наурызда «Шарын» мемлекеттік ұлттық паркінің аумағында Sharyn жаңа визит орталығы және 5 дана глемпинг түріндегі қонақ үйлер ашылды.
Туристік инфрақұрылымды дамыту мақсатында Кеген және Ұйғыр аудандарының аумақтарында 337 км туристік маршруттарды абаттандыру көзделген.
Алматы облысының 2021-2025 жылдарға арналған жұмыс жоспарына сәйкес инвесторлар есебінен Ұйғыр ауданы бойынша термалды көздер базасында жаңа орналастыру объектілерін ашу жоспарлануда.
21 тармақ бойынша (Шекаралас аудандарда туризм саласында ақпараттық жүйелерді құру және дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу)
Алматы облысының Туризм басқармасы барлық іс-шараларды жариялау бойынша тұрақты жұмыс істейтін «ALMATYREGION.TRAVEL» веб-сайт әзірледі. Осы порталда туристер үшін облыстың туристік әлеуеті, табиғи, тарихи, мәдени туризм объектілері туралы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қажетті ақпарат алуға мүмкіндік бар.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы облыстың туристік нысандарын түгендеу жоспарланған. Нәтижесінде Alma reg қосымшасы әзірленетін болады.
6) 2022 жылғы 15-16 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің Алматы қаласына жұмыс сапары барысында берілген тапсырмасының 24-тармағына сәйкес келесіні хабарлаймыз.
Мәдениет және спорт министрлігі және Алматы қаласының әкімдігімен бірлесе отырып, Алматы агломерациясын 2027 жылға дейін кешенді дамыту жоспары әзірленуде. Ол Түргеннен Қаскелеңге дейінгі Алматы тау кластерін дамыту жөніндегі шараларды көздейді.
Жоспардың жобасы мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен талқылау үстінде.