Алматы облысының туристік саласын дамытудың мастер-жоспарының жобасы

Алматы облысының туристік саласын дамытудың мастер жоспарын әзірлеу «Опен Трэвэл Адвайзори» ЖШС-мен бірлесе Алматы облысының туризм басқармасымен жүргізілді.

         Алматы облысы Қазақстанның өзге өңірлерімен салыстырғанда неғұрлым ресурстық және инфрақұрылымдық жағынан қамтамасыз етілген туристік аймақ болып табылады. Алматы облысы 1519 тарихи және мәдени ескерткіштерге ие, оның ішінде 262 архитектуралық ескерткіш, 1250 археологиялық, 7 табиғи, 9 республикалық және 1 әлемдік маңыздағы ескерткіштер.

БҰҰ-ның Дүниежүзілік туристік ұйымның (ДТҰ) мәліметтері бойынша, туризмнің үлесі әлемдік ЖІӨ-нің 10%-ың құрайды. Әлемдегі туристердің орташа жылдық өсімі 3-4%-ды құрайды. Бюджетке түсетін салықтық түсімдердің, жұмыс орындары санының артуының және шетелдік туристердің ағымының есебінен туризм экономиканың негізгі секторларының (көлік, байланыс, құрылыс, ауыл шаруашылығы, жаппай қолданыстағы тауарлардың өндірісі және т.б.) дамуына үлес қосады.

Туристік имидж бен аудандардың әлеуеті тұрақты және жеңіл инфрақұрылымның болуы, қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Ақпараттық қолжетімділігі, қызметтерді көрсету және т.б. есебінен қалыптасады.

Мастер-жоспарды әзірлеу көптеген дамыған халықаралық мемлекеттермен қолданылатын туристік саланы орта және ұзақ мерзімді дамыту құралдарының бірі болып табылады.

Аталған Мастер-жоспар 2021 жылға дейін әзірленді және келесі бөлімдерді қамтиды:

  • Өңір туралы жалпы мәліметтер;
  • Облыстық маңыздағы аудандар мен қалалар бөлінісінде тұрақты және туристік инфрақұрылымды талдау;
  • Туристік ақпараттық орталықтың қызметі;
  • Білім беру және мамандармен қамтамасыз ету саласында талдау;
  • Туризм саласындағы кәсіпкерлік субъектілерін қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламаларға талдау жасау;
  • Алматы облысындағы туризм индустриясының институционалдық аспектілері;
  • Алматы облысының маркетингі және жылжытуы;
  • Алматы облысындағы туризм индустриясын цифрландыру;
  • Мастер-жоспарды жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары

 

Бөлімдердің әрқайсысы ағымдағы жағдайдың талдауын, сонымен қатар тиісті бағытты дамыту бойынша ұсынымдардан тұрады.

Дата публикации
08 июня 2020