"Алматы облысының туризм басқармасы" ММ — облыс аумағында туризм саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Өз қызметін Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы "11" шілдедегі № 369 қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
"Алматы облысының туризм басқармасы" ММ қарамағында келесі ведомстволық бағынысты ұйымдар бар:
1) "Алматы облыстық туризм және ақпараттық қызмет көрсету орталығы" МКҚК»
Алматы облысы туризм басқармасының 284 – бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша 2021-2023 жылдарға арналған 2 бюджеттік бағдарлама бекітілді:
284 001" Жергілікті деңгейде туризм саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер " -2021 жыл – 42 966,0 мың теңге., 2022 жыл-43 903,0 мың тг., 2023 жыл-43 903,0 мың тг.;
284 004" Туристік қызметті реттеу " — 2021 жыл – 487 953,0 мың теңге., 2022 жыл-488 876,0 мың тг., 2023 жыл-488 876,0 мың тг.