2020-2022 жылдарға арналған "Алматы облысының туризм басқармасы" ММ азаматтық бюджеті бойынша анықтама

"Алматы облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі — бұл өңірде туризмді басқаруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы. Ол өз қызметін Алматы облысы әкімдігінің 2017 жылғы 15 қарашадағы № 503 қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Алматы облысы туризм департаментінің қарамағында келесі ведомстволық бағынысты ұйымдар бар:

1) "Алматы облыстық туристік-ақпараттық қызмет көрсету орталығы" МКҚК»

Бюджет көлемі Алматы облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы "Алматы облысының 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы"шешімімен бекітілген.

284 – Алматы облысының туризм департаменті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің ақпараты бойынша 2020-2022 жылдарға арналған 2 бюджеттік бағдарлама бекітілді:

284 001 "Жергілікті деңгейде туризм саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер"" —

2020 жылы – 43 823,0 мың теңге, 2021 жылы – 42 966,0 мың теңге, 2022 жылы-43 903,0 мың теңге.;

284 004" Туристік қызметті реттеу " — 2020 жылы – 387 880,0 мың теңге, 2021 жылы – 487 953,0 мың теңге, 2022 жылы – 488,876,0 мың теңге.

Дата публикации
09 января 2020