2019-2021 жылдарға арналған "Алматы облысының туризм басқармасы" ММ азаматтық бюджеті бойынша анықтама

"Алматы облысының туризм басқармасы" ММ — облыс аумағында туризм саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Өз қызметін Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы "11" шілдедегі № 369 қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

"Алматы облысының туризм басқармасы" ММ қарамағында келесі ведомстволық бағынысты ұйымдар бар:

1) "Алматы облыстық туризм және ақпараттық қызмет көрсету орталығы" МКҚК»

Бюджет көлемі Алматы облыстық мәслихатының 2018 жылғы 13 желтоқсандағы "Алматы облысының 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы"шешімімен бекітілген. Бюджеттік бағдарламаларға өзгерістер енгізілді-облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 10 желтоқсандағы №566, 2019 жылғы 17 мамырдағы №47-237, "Алматы облыстық мәслихатының 2018 жылғы 13 желтоқсандағы "Алматы облысының 2019-2021 жылдардағы облыстық бюджеті туралы"44-228 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 28 тамыздағы №55-266 қаулыларымен.

Алматы облысы туризм басқармасының 284 – бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша 2019-2021 жылдарға арналған 3 бюджеттік бағдарлама бекітілді:

284 001 "Жергілікті деңгейде туризм саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер"» —

2019 жыл-49 647,0 мың тг., оның ішінде 2 616,0 мың тг. республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен, 2020 жылы-43 823,0 мың теңге., 2021 жыл-42 966,0 мың тг.;

284 004" Туристік қызметті реттеу " — 2019 жыл – 459 830,0 мың теңге., оның ішінде 2 166,0 мың тг. республикалық трансферттер есебінен, 2020 жылы-542 259,0 мың теңге., 2021 жыл-487 953,0 мың тг.;

284 032" Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары " — 2019 жыл – 2 000,0 мың тг.; 2020-2021 жылдар — жоспарланбаған.

Дата публикации
03 декабря 2019