Азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға Конкурс

«Алматы облысының туризм басқармасы» ММ

«Алматыоблысының туристік ақпараттық орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

 

Алматы облысы Талдықорған қ., Қабанбай батыр көшесі 26, телефоны/факс: 8 (7282) 32-93-92, Электрондық пошта: info@zhetysu.travel

Бос лауазым:«Алматы облысының туристік ақпараттық орталығы» КМҚК-ның директоры

Кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары:

Білімі, мамандығы:

Жоғары білім (тарих және/немесе география); қызметтер (әлеуметтік-мәдени сервис және/немесе мәдени-демалыс жұмысы және/немесе туризм); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (менеджмент және/немесе қаржы және / немесе экономика және/немесе маркетинг және / немесе мемлекеттік және жергілікті басқару)

Жұмыс тәжірибесі: білім және мамандығы бойынша 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі немесе мемлекеттік органдар мен ұйымдарда басшылық лауазымдарда 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын қажетті құжаттардың тізімі:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде);

6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау жарияланған сәтінен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.

Құжаттар қолма-қол немесе почта арқылы: Талдықорған қ., Қабанбай батыр көшесі 26 мекен-жайы бойынша қабылданады. 

Дата публикации
22 мая 2021