«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына, «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2007 жылғы 12 қаңтардағы 11-бабының 1-тармағына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қапшағай су қоймасының жағалауы казино, ойын автоматтары залдары, букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар (букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассалары) орналастыратын аумақ ретінде белгіленсін.
- Алматы облысы әкімдігінің «Қапшағай су қоймасының жағалауын казино мен ойын автоматтары залдарын орналастыратын аумақ ретінде белгілеу туралы» 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 223 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2043 тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
- «Алматы облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында оның ресми жарияланғаннан кейін орналастыруын;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөліміне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің орынбасары Б. Байжұмановқа жүктелсін.
- Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі А. Баталов