Зерделеу жұмыстары жүргізілді

Зерделеу жұмыстары жүргізілді

Бүгін Талдықорған қаласындағы халыққа қызмет көрсету нысандарына (сауда үйі, мейрамхана, дүкен т.б), көше атауларына зерделеу жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде, нысан атауларының, ондағы көрсетілетін қызмет түрлерінің, жарнамалардың мемлекеттік тілдегі аудармасының жоқтығы, яғни Қазақстан Республикасындағы Тiл туралы заңының 21-бабына қайшы келетіндігі анықталды.

Жоғарыда аталған кемшіліктерді түзету бойынша тиісті шаралар қабылдау үшін Талдықорған қаласы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне ұсыныс берілді.