Тілдер күні қарсаңында марапаттау салтанаты өтті

Тілдер күні қарсаңында марапаттау салтанаты өтті

Бүгін Қазақстан халқы тілдерінің күні қарсаңында мерекелік марапаттау салтанаты болып өтті.

Сақтық шараларын сақтау мақсатында биылғы мерекелік шараға  қатысушылар мен марапатталушылардың басым бөлігі қашықтықтан онлайн арқылы қатысты.

 Салтанатты жиынды Алматы облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Ермек Ақшабаев жүргізді.

Бүгінгі күн қазақстандықтар мен осы жиынға қатысып отырған барша азаматтар үшін айтулы күн деп санаймын. Себебі баршамыз тілдің өміршеңдігі мен тазалығын сақтау үшін ел игілігі жолында аянбай еңбек етіп келеміз – дей келе, тіл саласын дамытуға үлес қосып жүрген мамандар мен тіл жанашырларын, қоғам белсенділерін марапаттау рәсімін бастады.

Шарада Қапшағай қалалық тіл оқыту орталығының меңгерушісі Күлзира Әкімжанова «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен наградталды.

Сол сияқты Тілдер мерекесінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамотасымен Алматы облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бас маманы Гүлнар Бітебекова, Талғар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Фарида Бегенбаева, Қаратал ауданы Б. Римова атындағы мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлмира Оспанжанова марапатталды.

Тіл саясаты комитетінің Құрмет грамотасына   Ақсу ауданы Кенжыра ауылдық орта мектепбінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әйгерім Намазшамова, Жамбыл ауданы «Атамекен» газетінің тілшісі Әйгерім Әбу, ономастикалық жұмыс және талдау бөлімінің басшысы Ермек Ақшабаев, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, философия докторы (PhD), Гүлім Чукенаева, Алматы облыстық сотының судьясы Симузар  Курбановалар ие болды.

Алматы облысы әкімдігінің Алғыс хатын Қапшағай қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Бибігүл Шайкенова, Алакөл аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Марат Сүлейменов,  Ақсу аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айна Елубаева алды.

Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының Құрмет грамотасымен «Кеген ауданы әкімдігінің аудандық Мәдениет үйі» МКҚК директоры Нұрмаман Оқас, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің қазақ тілі мен қазақ әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а, ф.ғ.к. Гүлнара Сырлыбаева, Қарасай аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының м.а.  Ләззәт  Әуелбекова марапатталды.

 Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының Алғыс хатымен Молықбай Байсақұлы атындағы Мәдениет үйінің театр режиссеры Сұлтан Жақыпбеков (Ақсу ауданы), «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы Балқаш аудандық филиалының меңгерушісі  Таңшолпан  Қасым, Қаратал ауданы М.Горький атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Гүлнұр Даутова,  Кербұлақ ауданы Күреңбел қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Камар Озбекова, Алматы облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының қызметкерлері Жеңіс Жолдыбаев, Әйгерім Иебекова, Айдын  Туктубаев марапатталды.

Айта кету керек, Тіл мерекесінің 5 қыркүйек болып белгіленуінің де өзіндік себебін біреу білсе, біреу білмейді.

Бұл күн – қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы,  Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.

Мереке құтты болсын!