Астана қаласында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Тіл саясатының өзекті мәселелері» тақырыбында кеңейтілген алқа мәжілісі өтті!

Астана қаласында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Тіл саясатының өзекті мәселелері» тақырыбында кеңейтілген алқа мәжілісі өтті!

2025 жылдың 7 ақпанында Астана қаласында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Тіл саясатының өзекті мәселелері» тақырыбында кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Осы алқалы жиында «Мемлекеттік тілді дамытудың инновациялық бағыттары» атты мемлекеттік тіл саясатының Алматы облысында жүргізілуі және атқарылған жұмыстар, келешектегі жоспарлар туралы Алматы облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысы Ахметов Данияр Дүйсенбіұлы баяндама жасады.