
Алатау қаласында "Тіл" оқу-әдістемелік орталығының жаңа филиалы ашылды!
Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасына қарасты "Тіл" оқу-әдістемелік орталығының Алатау қалалық филиалы ресми түрде жұмысын бастады. Жаңа орталық тілдік білім беру саласындағы инновациялық әдістер мен бағдарламаларды енгізу арқылы тілдерді оқытудың сапасын көтеруді мақсат етеді.
Орталықта қазақ және ағылшын тілдерін терең үйренуге мүмкіндік беретін заманауи әдістемелер қолданылады. Филиалда тілдерді меңгеруге қызығушылық танытатын ересек азаматтарға арналған курстар ұйымдастырылады.
"Тіл" оқу-әдістемелік орталығының Алатау қалалық филиалы – бұл тілдерді дамыту және халықаралық коммуникация мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған маңызды қадам. Біз бірге тілдердің күшімен болашаққа жол ашамыз!