Бүгін Тіл сарайында Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелді Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысының м.у.а Е. Ақшабаев жүргізді.
«Ата Заңымызда Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi – қазақ тiлi деп жазылған. Ата Заң – тіліміздің де өркендеуіне кепілдік беретін ұлы құжат. Ата заңымыз барда елдігіміз еңселі, тіліміз тұғырлы, болашағымыз жарқын» – деді Е.Ақшабаев өз сөзінде.
Ономастикалық жұмыс және талдау бөлімінің бас маманы Г. Әбіләжімова «Тіл тағдыры – ел тағдыры» тақырыбында баяндама жасады.
Ол өз баяндамасында: «Қазақстан Республикасы егемен ел болып, өзінің Ата Заңы Конституциясын қабылдағанына биыл 25 жыл уақыт болды. Конституция күні – Тәуелсіз Қазақстанның құқықтық өмірінде мәні мен маңыздылығы жағынан ерекше орынға ие, халқымыздың ең жоғарғы дәрежеде атап өтетін басты мерекелерінің бірі – деп, Ата заңымыздың құндылығы мен қазақ елінің өткен тарихы мен жеткен жетістіктеріне тоқталды.
Арақашықтықты сақтай отырып, карантин талаптарына сай ұйымдастырылған дөңгелек үстелге басқарма қызметшілері мен «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының қызметкерлері қатысты.