Алматы облысының аумағында «Алматы облысындағы тілдік ахуал бойынша әлеуметтік талдау және мониторинг жүргізу» 2024 жылдың 25 маусымында басталып, 02 қазанда аяқталды. Зерттеуді Алматы облысы әкімі аппаратаның талдау және болжау орталығы жүргізіп, әртүрлі ұлт өкілдерінен тұратын, 18 жастан асқан 2500 адамды қамтыды.
Зерттеудің мақсаты:
Алматы облысы тұрғындарының тілдік жағдайын зерттеу.
Міндеті: Әлеуметтік-экономикалық жағдаймен байланысты әр ауданның тілдік жағдайын зерттей отырып облыстағы мемлекеттік тілді меңгергендердің үлесін анықтау.
Әлеуметтік зерттеу 70 елді мекенді қамтитын Алматы облысының аудандары мен қалаларының аумағында жүргізілді. Сауалнамаға 2500 респондент қатысып, сауалнама әдістемесі қолданылды.
Сауалнамаға сәйкес мемлекеттік тілді меңгергендердің үлесі облыс бойынша 90,3 % көрсетті.
Ақпарат ресми сайтқа жарияланды.