«Тіл шебері» облыстық байқауы онлайн режимінде өтті

«Тіл шебері» облыстық байқауы онлайн режимінде өтті

Бүгін Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Қазақстан халқы тілдері күні» аясындағы «Тіл шебері» байқауы онлайн  режимінде өтті. Аталған байқауға облысымыздың аудан қалаларынан 18 үміткер бақ сынасты. Ұшқыр ойлы, шебер тілді полиглоттар байқауына Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының тілдерді дамыту бөлімінің басшысы  Т. Рахымберлина, Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ағылшын тілі пәні оқытушысы А. Есімбекова, «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының орыс тілі пәні оқытушысы А. Айтжанова қазылық етті.

Онлайн байқау 3 кезең бойынша өтті.

 «Елтаным» кезеңінде қатысушылар экранда көрсетілген түрлі танымдық суреттер бойынша үш тілде жауап берсе,  «Сөзтанымда» экранда көрсетілген сөйлемдерді оқып, орыс және ағылшын тілдерінде жылдам әрі мүдірмей аудармасын айта білді.  

Ал, «Ойтаным» айналымында берілген ортақ тақырып бойынша мемлекеттік тілде эссе жазды.

Қазылар алқасының дауыс беру қорытындысы бойынша байқаудың бас жүлдесін талдықорғандық Қанат Жақсыбаев қанжығалап, тіл шебері атанды.
І орынды Арайлым Сейсебаева иеленсе (Көксу ауданы), ІІ орын Гульнара Мустафановаға бұйырды (Сарқан ауданы). Ал, ІІІ орын Маржан Бельгибаева мен (Ақсу ауданы) Айтолы Ыбырайға (Кеген ауданы) тиесілі деп танылды.
Сондай-ақ, байқаудың ынталандыру сыйлығына Ақниет Тойғазина (Қарасай ауданы), Айжан Кенесбаева (Панфилов ауданы), Алмас Сабыржан (Талғар ауданы) ие болды.
Барлық қатысушылар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі қосымша хабарланады.