
Мемлекет басшысының шешімімен, ҚР Үкіметінің қаулысымен 10 тамыз – Абай күні болып белгіленуі ел тарихындағы елеулі оқиға.
Абай күні – көп мерекенің бірі емес, ұлттық мәні бар Ұлық мереке.
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Абай- рухани реформатор» атты мақаласында: Абай ілімі бүгінгі бірқатар бағыттарға орайлас келеді. Ең алдымен, білім игеру, екінші, тәрбие, үшінші, жаңа кәсіп игеру, төртінші, ынтымақ мәселесі - деп жіктеп жазып көрсетеді. Осы аталған қасиеттер әр қазақтың бойынан табылса екен дейміз.
Бүгінгі Ұлық мереке қарсаңында отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілейміз!
Еліміз еңселі, болашағымыз баянды болсын!